Әли ОМАР. Қайғылы қаза қайта қаралуы керек
Дүйім Алаш жұртының қабырғасын қақыратып кеткен қайғылы қазаның шынайы бет пердесі әлі күнге сыпырылмай келеді. Көрнекті мемлекет һәм қоғам қайраткері, қазақтың қайсар перзенті Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілері Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтің қандыбалақ қылмыскерлер қолынан қастандықпен ажал құшқанына да міне үш жылдан асты. Ауыр қылмыстың ақиқатын ашпаған сорақы сот нағыз қылмыскерді жазадан аман алып қалып, абықтыға басқаларды айдатып жібергенін қалай ұмытсын мына халық. Алайда, арда азаматтың артындағы туған-туыстары мен серіктері «ноқталы» соттың үкімімен жылы жабылып қоя салынған қылмыстық істі қайта тексеруді тағы бір мәрте талап етті.
«Біз осы істі қайта қарауды, анықтауды Президенттен бастап прокуратура орындары бар, ҰҚК, ІІМ бәрінен талап етіп отырмыз. Және бір айта кететін жайт, мұны Рахат Әлиевтің кітабына байланысты деп түсінген дұрыс емес, ол тек себеп қана. Жаңадан ашылған деректерге орай қылмысты қайта тергеу қай елдің болмасын заңында бар. Сондықтан бұл мәселені көтеруге қазіргі күні елдегі болып жатқан әрекеттер себеп болды. Оның ішінде Рахаттың жасаған қылмыстары, лауазымды қызметкерлердің қудалануы, сотталуы сияқты жайттардың барлығы жинақтала келе күш көрсетуге, зорлық-зомбылық жасауға тосқауыл қою керектігін аңғартты», - дейді марқұм Алтекеңнің ағасы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы.

Бұл пікірмен қосылмауға шара жоқ. Өмірінің соңғы сәттеріне дейін ақтық демі қалғанша күресіп кеткен қос арыс Заманбек пен Алтынбекті оққа ұшыратқан соң, ел ішіндегі қуғын-сүргіннің жаппай етек алуы, құлқын деп емес, ұлтым деп соққан жүректерде үреймен қатар, ашу-ызаның қоламтасын қоздыра түсті білем. Азаматтарын ажалға байлап беріп, ақиқатты бүркемелеуге тырысқан бүгінгі билік күні ертең осы әрекетінен оңбай зардап шегетіні де сөзсіз. Бұл өмір заңдылығы! Одан ешкім де қашып құтылмайды. Адам өмірін арзанға бағалап, қолын қанға жуған қанішерлерді қара жердің қойнауында тыныштық таба алмай дөңбекшіп жатқан асылдарымыздың әруағы атады. Ерте ме, кеш пе уақыт көші бұл жұмбақ өлімнің де құпиясын ашар, шын айыптылар тиісті жазасын тартар міндетті түрде. Бірақ, елі үшін еңіреп кеткен есіл ерлерді кім қайтарады! Біздер сол ұлт мүддесі жолында басын бәйгеге тіккен ардақтыларымыздың кеткен қарымтасын қайтармасақ та, арман-мұратын жалғастыра алдық па?!. Әлде, қоянжүрек құлдық санадан арылмаған кейпімізде, ендігі қалған зиялыларымызды аждаһаның аузына салып беріп үнсіз отырамыз ба?.. Басқаны қайдам, менің білетінім Зәкең мен Алтекеңнің жұмбақ өлімінің сыры толық ашылмай, көсегеміздің көгермесі анық. Жоғарыдағы қойылған талаптың да мақсаты осы.
Біздің сауалнама: Қоғам не дейді?
Алтынбектің қазасына қатысты айғақты қазақ қоғамы шынында да анықтай ала ма, бұл тұрғыда қоғам өзі не пікірде?
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, қоғам қайраткері:
- Заманбек пен Алтынбектің қазасына қатысты мәселені көтере беру керек, талап ете беру керек. Рас, бүгінгі жүйе тұрғанда, бұл қылмысты құпиялардың әзір ашылмасы анық, бірақ, түбінде бір ашылады деген сенімдеміз. Ол үшін, реті келген жерде елдің де, биліктің де есіне салып, талап етіп отыру дұрыс...
Өтеген ЫҚСАНОВ, заңгер:
- Өз басым рахат Әлиевтің кітабын оқыған жоқпын. Жалпы, бұл кітаптың оқылып-оқылмауы, таралып-таралмауы тұрғысында біздің прокуратура орындары дұрыс шешім қабылдап отырған жоқ. Бүкіл дүниежүзіне тарап кеткен кітапты Қазақстанда оқып, білуге неге болмайды? Егер, кітап таратылмасын десе, бұл кітап қай жерде басылып шықты, сол елге наразылық білдірсін. Ал, Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына қатысты жаңа айғақтар бар дегенді Әлиев жазып, айтып отырса, біздің соттар «Жаңа табылған айғақ бойынша» деген баппен, іс қозғауды бастауы керек. Заңгер ретінде, менің айтарым осы ғана.
Жазира ҚАНАТҚЫЗЫ, гүл сатушы:
- Бұл кітап туралы, онда не жазылғаны жөнінде елден естіп жатырмыз. Қазір біздің бүгінгі қоғамда болып жатқан оқиғаларға сенуден қалдық. Өйткені, қай кезде де, не нәрсе де өтірік болып шығып жатады. Жоғары биліктегілердің бәрі, бір-бірін сатып, бір-бірін түрмеге отырғызып, бір-бірін қаралаумен әуре. Ал халықтың бүгінгі, ертеңгі күні не болады деп бас қатырып жүрген биліктің бір адамын көрген жоқпын. Қазір халықтың да билікте шаруасы жоқ. Билік ішіндегі өзара талас, тартыстан халық аулақ, әйтеуір күнделікті нанын тауып жегеніне мәз. Бірақ, ерте ме, кеш пе, халықтың көңілінен шығатын, халықтың қамын ойлайтын азаматтар шығады деген де үмітіміз жоқ емес. Онсыз болмайды, әлгі кітап туралы «тышқан мен мысық» ойынын ойнап жүрген жоғарыдағылардың пікірін естісек деп едік...
Жанбота ҚАРАШОЛАҚОВ, саясаттанушы:
- Қазақстанның ішкі саясаты бүгін дағдарыс үстінде. Саяси партиялар арасындағы бәсекелестік бәсең, Үкімет пен Парламент ұйқылы-ояу. Қазір, саясатта жүргендердің бәрінің назары – шетелге ауған, қазақстандық саясат шетелде жүріп жатыр. «Шетел не деп жатыр? Басқалар не деп шешті екен?» дегендей... Елдің назарын сыртқы саясатқа аударып отырған оқиғаның бірі – Рахат Әлиевтің кітабы. Рахат Әлиевтің қолында Алтынбек Сәрсенбаевтың қазасына қатысты жаңа айғақтар бар екені рас болса, сот істі қайта қарауы тиіс. Рахат Әлиев «Азаттық» радиосына берген сұхбатында: «Алтынбек Сәрсенбаевқа қатысты айғақтар бойынша оның туысқандары Австрияның сотына шағымданатын болса, мен куәгер бола аламын» депті. Біздің елдің азаматтары БҰҰ-на адам құқы сақталмай отырғаны туралы шағымдана алады. Өйткені, биыл, көктемде Қазақстан БҰҰ-ның адам құқын қорғау жөніндегі Конвенциясына қол қойып, оны бекітті. Сондықтан, Алтынбек Сәрсенбаевтың туған-туысқандары осы құжатқа жүгіне алады деп ойлаймын. Бірақ, іс шетелде қаралса біздің билік басындағылардың дипломатиялық иммунитеті оларды аман сақтап қалады. Дегенмен, іс қайта қозғалып, Алтынбектің қазасына қатысы бар дегендер биліктен кетуге мәжбүр болып жатса, онда халықаралық сот оларды жазаға тарта алады. Сол себепті де, Сәрсенбаевтың туыстары бұл істі шетелде қозғау мәселесін қолға алғандары жөн деп ойлаймын.
Гүлмира ТОЙБОЛДИНА,«Қазақстан» апталығы, 04.06.09