Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жағымды жаңалық 8686 13 пікір 1 Қараша, 2017 сағат 14:12

Нарынқол ауданы құрылады

Алматы облысында жаңа аудан құрылады. Ол - Нарынқол ауданы. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырза бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз жиынын өткізді. Дәл сол жиында осы бір жаңалықты жария етті.

"Облысымызда жаңа аудан құрылатынын қуана айтамыз. Енді Үкіметтің қаулысы мен Президенттің шешімі шықса, аталған жаңалықты халыққа жеткіземіз. Біз жұмысшы топпен Нарынқол әкімшілік ауданына бардық. Ол жердегі жастардың дені ауылдан кетіп жатқанын, Алматының айналасында жұмыс жасап жүргенін көзімізбен көрдік. Сөйтіп, Нарынқол ауданын құру туралы ұсыныс жасадық. Шекарасын бөліп көрсетеміз. Қазір процедуралық жұмыстар қалды. Сосын шешім қабылданады. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, Нарынқолдағы муниципалдық ғимараттардың жағдайын анықтайды. Келер жылдың бюджетіне кіргізіледі деп жоспарлап отырмыз", - деді Амандық Баталов мырза.

Естеріңізде болса, 2017 жылдың 10-тамызы күні  Алматы облыстық Мәслихатында осы мәселе талқыланып, Үкіметке ұсыныс жасалған болатын. Жаңа ауданның жалпы аумағы - 711 937 гектар жерді құрайды. Республикалық ономастикалық комиссия жаңа ауданға "Нарынқол" атауын беруді ұсынды.

Abai.kz

 

13 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1315
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2885
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 972
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903