Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 4982 2 пікір 3 Қараша, 2017 сағат 10:20

Оппозиционер Алексей Навальный Путинді сотқа бермек

December 24, 2011. - Russia, Moscow. - 'For Fair Elections' rally took place on Sakharov prospect. In picture: Aleksey Navalny.

Коррупциямен күрес қорын құрған Алексей Навальный Ресей президенті Владимир Путин мен оның әкімшілігін сотқа бермек ниетте, деп жазады "Азаттық радиосы".

Оппозиционер Ресей қалаларының билігі өзіне сайлаушылармен кездесуге Кремльдің пәрменімен рұқсат бермей отырғанын айтады.

Навальный өз блогында Ресей қалаларының билігі акция өткізуге рұқсат беруден көбінше бас тартатынын айтады. Оппозиционердің пікірінше, Кремль бұған дейін болған акцияларға оппозиционердің көптеген жақтасы жиналғанына алаңдайды.

Алексей Навальный Ресейдегі ірі 50 шақты қаланың әкімшілігі "апта сайын сайлаушылармен кездесуге рұқсат беруден бас тарта отырып, заңды өрескел бұзып отырғанын" айтады. Оппозиционер акцияларын бұдан былай да өткізе беретінін, бірақ жаңа форматта - жеке меншік территорияда және жекеменшік нысанда өткізетінін айтты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371