Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 7779 30 пікір 3 Қараша, 2017 сағат 11:59

Əліпби жасау оңай, оны тілге қондыру қиын

Осы күндері Байтұрсынов атындағы тіл институтына тарихында айтылмаған сын айтылып, айып тағылып жатыр.

Бұнымыз ғайбат айту. Институтта ондаған, айналасында жүздеген ел патриоты, ғалым, ата-ана, қазақ азаматы қызмет етеді. Бəрінің дерлік ойы біздікіне жақын. Оларды қарғап-сілеу, басқа да ғайбат сөзбен балағаттаудың қажеті жоқ. Айтылса - нақты адамдарды атау қажет. Бірен-саран ғалымға бола білдей бір институтты немесе ғылымды жоққа шығарудың қажеті жоқ.

Соңғы екі - қыркүйек жəне қазан - нұсқаға институттың қатысы шамалы.
Тамыз айынан бері жұмыс тобы жиналған емес. Инициатива астаналық тосын топқа өтіп кетті. Мəселе осыда.

Ғалымдарға бір ғана өтініш айтуға болады: ойларыңызды жасырмай ашық айтыңыздар деген. Қалғаны əркімнің ары мен ожданының шаруасы. Бəріне уақыт пен тарих төреші.

***

Екінші жағы бар мəселенің. Институт жұмысы біраз уақыт бойы қаржыланбаған. Бұл əдейі тірлік пе басқа ма білмеймін.
Ғалымдарымыз арасында сабақ беріп нəпақа таппағанда академияның маңындағы талдардан ботқа жасауға көшер еді.

Енді осы ғалымдар екі жыл бойы тіл заңдарын қайта жазып шығуы керек. Бұл өте үлкен еңбек, орасан жұмыс. Бұл жұмыс əліпби авторларының қолынан келмейді. Бұны компьютершілер жасай алмайды. Шетелден сарапшы таба алмайсың.
Жасаса тек өз тіл ғалымдарымыз жасай алады!

Ал жүні жығылған, рухы сынған, мотивациясы жоқ ғалымдардан не қайыр? Əліпби жасау оңай, оны тілге қондыру қиын. Мен де отырып, кез-келген тілдің əліпбиін жасай аламын. Бірақ оны сол тіл қабылдай ма? Ол тілге сай бола ма?

***

Биліктегі ағайынға талап-өтініш:
Жақын арада ғалымдардың мəселесін шешіңіздерші!

Олармен кездесіп, бəрінің басын қосып, жолдарын айтып, жөн сұрап, алдынан өтіңіздер.
Мəселе еш біткен жоқ. Мына əліпбиге талай өзгеріс енеді. Ертең ақ енеді. Əліпби Құран емес өйткені.

Егер ертең мазақ болмайық, бар абыройдан айрылмайық десек, ғалымдарға арқа сүйеңіздер. Ғылыми негізге арқа сүйеңіздер! Сонда қателеспейміз.

Халыққа керегін - халықтан, ғалымнан сұраңыздар. Қазақ мазақ емес.

Айдос Сарым

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295