Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
Деп жатыр 7109 21 пікір 7 Қараша, 2017 сағат 09:39

Жиенбеков инаугурацияға шетелден қонақтар шақырмайды

Қырғызстанда президент сайлауында жеңіске жеткен Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясына шетелдің мемлекет басшылары шақырылмайды. Бұл жөнінде президент әкімшілігі жетекшісі Алмаз Усенов мәлімдеді.

Оның сөздерінше, бұл шешімге «әлемдік тәжірибені есепке ала отырып» келген. Бірақ ол салтанатты шараға Қырғызстандағы барлық елдердің елшілері шақырылатынын атап өтті.

Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясы 24 қарашада өтеді. Ол 15 қазанда өткен президент сайлауында сайлаушылардың 54 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті.

Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың елді басқару мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. 15 қарашада Атамбаев президент ретінде соңғы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1126
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1560