Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
4434 1 пікір 9 Қараша, 2017 сағат 08:41

Ресейде Ислам Каримов ескерткішін орнатуға қарсы қол жинап жатыр

Change.org сайтында "Мәскеуде Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов ескерткішін орнатуға қарсылық" деген тақырыпта петиция пайда болды. Шараның бастамашысы - ЛДПР партияның мүшесі Георгий Городецкий. Ол Ресей астанасында "русофоб және диктатор" Ислам Каримовке мүсін орнатылмайды деп мәлімдеді.

Мұнан бөлек, ол Ресей «орыс тілінде оқи да, жаза да алмайтын мәдениетсіз өзбектерге» визалық режим енгізу керек деп есептейді. Петицияға қазірге дейін 6 мың адам қол қойған.

2016 жылдың 1 қарашасында Мәскеу мэрі Сергей Собянин Өзбекстан елшілігінің алдына 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ислам Каримов ескерткішін орнату жөнінде бұйрық шығарған.

Өзбекстан тарапы мүсінді салуға 35 млн рубль бөледі. Ал Мәскеу бюджетінен гүлзарды безендіруге ақша бөлінбек.

Ресейде 2 миллионға жуық өзбек диаспорасы тұрады. Ресми мәлімет бойынша, бүгінгі күні онда 1 млн 700 өзбек еңбек мигранты бар. Олардың 200 мыңы тұрақты тұрады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2910
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 989
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 918