Айдын АЛАН. Уран нарығындағы қарбалас
«Қазатомпром» ұлттық компаниясының экс-басшылығына қатысты Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті тарапынан жүргізіліп отырған қылмыстық іс Канаданың Торонто биржасында да дереу сыр берді. Ұлттық компанияның канадалық серіктесі Uranium One акциялары мамырдың 27-де 40%-ке дейін төмен қарай бір аунап түсті.
Мәселе – канадалық компанияның «Қызылқұм» біріккен кәсіпорнындағы еншісіне қатысты болса керек.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев өз орнынан мамырдың 21-де алынып, артынша бір топ орынбасарымен бірге қамауға алынды. Ұлттық компанияның бұрынғы басшылығына тағылып отырған айып – «мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірді» деген мазмұнда.
Мамырдың 27-де канадалық Uranium One баспасөз мәліметін таратып, онда
Қазақстанда жүріп жатқан «Қазатомпром» төңірегіндегі тергеу шаралары Uranium One-ның «Қызылқұм» біріккен кәсіпорнындағы үлесіне қатысты келісім-шартты да шарпып өтуі мүмкін дегенді ескертті.

ҰҚК мәліметтерінде 2005 жылы «Қазатомпром» «Қызылқұм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі 30 пайыз үлесін бар болғаны 15,6 миллион теңгеге оффшорлық компанияға сатып жіберген деп көрсетілген. Uranium One таратқан баспасөз мәліметінде, канадалық компания Қазақстандағы активтерін 2005 жылы UrAsia Energy Ltd инвесторлар тобынан сатып алғанын мәлім етіп, «Қызылқұмдағы» 30% үлесі үшін 75 миллион АҚШ долларын, ал «Бетпақ Дала» біріккен кәсіпорнындағы 70% үлесі үшін 350 миллион АҚШ долларын жұмсағанын жария еткен.
Отандық баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша, 2005 жылдың мамыр айында біріккен кәсіпорын негізінде құрылған «Қызылқұм» серіктестігі, еліміздегі ең ірі уран руднигі болып табылатын «Солтүстік Қорасан» уран кенішінде өндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Серіктестік құрамында «Қазатомпром» ұлттық компаниясымен бірге Жапонияның энергетикалық компаниялары консорциумы (Toshiba, TEPCO, Chubu Electric, Tohoku Electric, Kyushu Electric и Marubeni) және канадалық Uranium One компаниясы бар. «Қызылқұмдағы» «Қазатомпромның» үлесі – 40%. Қалған 60% жапондық және канадалық серіктестер арасында отыз да отыз болып бөлінген.
«Қазатомпром» басшылығындағы соңғы ауыс-түйіс, ұлттық компанияның экс-президенті мен өзге де топ-менеджерлерінің қамауға алынуы – Қазақстанның уран нарығының инвестициялық тартымдылығын төмендетіп жібермек». Мұндай пікірді отандық сарапшлырдың біразы айтып отыр.
«Жәкішевке мемлекет активтерін сыртқа шығарды деген тұрғыда айып тағылуда. Ендеше, ертеңгі күні кейбір кен көздері бойынша келісім-шарттар заңсыз жасалған деп танылуы тиіс. Бұл – ұлттық компанияның да, мемлекеттің де инвестициялық тартымдылығын төмен тартады, өйткені бұл келісімдер шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асқан», - дейді
сарапшы экономист Қанат БЕРЕНТАЕВ.
Сарапшы маман, сондай-ақ, уран өнеркәсібі республика үшін аса маңызды стратегиялық сала дегенді айтады, яғни ҰҚК алға тартқан келісімдер «бір ғана Жәкішев пен оның орынбасарлары деңгейінде жасалуы мүмкін емес, мұндай келісімдер үшін мейлінше жоғары басшылықтың, айталық министрліктің рұқсаты керек».
Өткен сәрсенбіде Мұхтар Жәкішевті қорғап еліміздің бизнес топтары атынан жиырмадан астам танымал кәсіпкер мемлекет басшысының атына хат жолдап, онда «Қазатомпромның» бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істің мейлінше ашық әрі жария түрде өткізілуін қамтымасыз етуді сұрады.
Отандық сарапшылардың тағы бір тобы, аталған іске «саяси топтардың араласпағаны жөн» деген пікір айтуда, бұл үндеу хатқа қол қойғандардың ішінде саясаткерлердің аты аталмағанын меңзеп. Олардың пайымынша, «бұл процеске саяси реңк берген жағдайда, іс одан әрі шиеленісіп, насырға шабуы да әбден мүмкін».
«Қазақстан» апталығы. 04.06.09