Сенбі, 23 Қараша 2024
3462 7 пікір 22 Қараша, 2017 сағат 08:55

Зимбабве парламенті Мугабенің биліктен кеткенін жариялады

Зимбабве президенті Роберт Мугабе отставкаға кеткенін жариялады. Бұл туралы хатты ел парламентінің спикері оқып берді. Мугабе Зимбабвені 37 жыл басқарды. Бұның алдында, 21 қарашада парламент оған импичмент жариялау процесін бастаған еді.

Мугабе үндеуінде оның билікті бейбіт түрде табыстау үшін өз еркімен қызметтен кеткені туралы айтылған. Бірақ хатта елді кім басқаратыны туралы ештеме айтылмайды, деп хабарлады Reuters. Өткен аптада Зимбабведе билікті әскер басып алды. Олар 93 жастағы Мугабені үйіне қамап қойды.

Зимбабведегі билік партиясының мәлімдеуінше, екі тәулік бойы президент міндетін Эммерсон Мнангагва атқарады. Әскердің билікті басып алуы оны Мугабенің вице-президент қызметінен алып тастауынан соң басталған.

Ел астанасы Харара кқшелеріне жүздеген адам шықты деп хабарлады Reuters. Кейбіреуі Мнангагва мен Зимбабве қарулы күштерінің басшысы Константино Чивенгидің суреттерін ұстап тұр.​

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402