Сейсенбі, 26 Қараша 2024
5208 0 пікір 17 Қараша, 2017 сағат 20:42

Темекіге тәуелділік түбімізге жетеді

Әлемде 1,2 миллиард адам темекі шегеді. Сал­да­ры­нан жылына орта есеппен 4 миллион адам қайтыс бо­ла­ды. Егер жағдай өзгермесе, жар­ты мил­ли­ард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осылай деп мәлімдеп отыр. Көк түтінге тәуелділер біздің елде де аз емес. Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі тартады екен.

Дәрігерлер темекіге құмартқандардың басым көпшілігін жас-тар құрайтынын алға тартып отыр. Сондай-ақ ақ желектілер көктүтінге тұншыққандардың қатарын нәзікжандылар толықтырып жатқанына алаңдаулы. Өкініштісі, темекіге құмартқан бойжеткендердің арасында жүкті әйелдер де бар. Олардың бірі қызық көріп, екіншісі еліктеп, ал үшіншісі көк түтінге тәуелділіктен тартады екен. Көңіл көтеруге сеп болады деп білетін жас буын оның адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ойлана бермейтіні өкінішті-ақ.

Дәрігерлер темекіге әуестіктің соңы қатерге әкелетінін ескертеді. Мәселен, әлемде 13 секундта 1 адам, әр 65 секундта 5 адам темекінің кесірінен көз жұмады екен. Мамандардың сараптаулары темекі тарту өкпе рагіне, жүрек талмасына, қан қысымының жоғарылауына, дәм мен иіс сезу мүшелерінің қабынуына, терінің ерте қартаюына, бауырдың қабынуына, диабет, құлақ мұрын және арқа және бел ауруларына әкеп соқтыратынын анықтаған. Мәселен, ғалымдардың зеттеуіне сүйенсек, шылым шегетіндердің 95 пайызы өкпенің қатерлі ісігімен ауырады екен. Ал, әлемдегі 2 миллиард жасөспірімнің санасы никотинмен уланған көрінеді. Уланған дегеннен шығады, шылым шегушілер өздерін ғана емес, айналасындағы адамдардың да денсаулығына кері әсерін тигізеді. Өйткені, темекінің түтіні көліктің түтініне қарағанда 4 есе улы. Ал оны жұтқан адамның денесі никотинмен уланады. Дәрігерлердің айтуынша, темекі тарту сондай-ақ, омырау безінің, кеңірдектің жыныс мүшелерінің қатерлі ісігіне, бедеулікке шалдықтырады. Ал, жүктілік кезінде темекі шегу анасынан гөрі, іштегі сәбидің денсаулығына екі есе кері әсерін тигізеді. Никотин, тұншықтырғыш газ, бензопирен және радиоактивті изотоптар құрсақтағы баланың дұрыс жетілуін тежейді. Салдарынан әйел түсік тастауы, уақытына жетпей босанып қалуы мүмкін. Ақ халаттылар темекі шегетін аналардың сәбилері туылғанда көбіне салмағы аз, иммунитеті әлсіз, денсаулығы нашар болатынын алға тартып отыр. Әрине, темекінің салдарынан туындаған ауытқушылықтар барлық сәбилерде кездеседі деп нақты кесіп айтуға болмайды. Бірақ сонда да болашақ сәбидің амандығы үшін әйелдер бұл жаман әдеттен аулақ болғаны абзал.

Өкініштісі, дәрігерлердің осылай дабыл қағуы темекісүйер қауымға әсер етпей отыр.

Егер темекіні тастасаңыз:

24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.

2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адаммен теңеседі.

3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.

3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.

1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.

10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікімен теңеседі.

15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.

Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек. Темекі есіңізге түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалаға дұға етіңіз. Рас, исламда темекі кіші күнәлардың қатарына жатады. Бірақ, алты кіші күнә қосылып бір үлкен күнәні құрайды екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша өкпе рагы 90%,созылмалы бронхитқа шылдыққандардың 75% және жүректің ишемиялық ауруымен ауыратындардың 25 % кеселдері шылым шегумен байланысты екен. Шылым шегу – жаһандық проблема.

Статистика бойынша әлемде күнде 82 мыңнан 99 мың жастар темекі тартуды бастайды екен. Олардың ішінде 10 жасқа жетпеген балалар көп екен. Болжам бойынша алдағы 25 жылда темекіге тәуелділер саны дүниежүзі бойынша 1,6 миллиардқа өседі. Шылым шегуден бас тарту халықаралық күні Американдық онкологиялық қоғаммен 1977 жылы бекітілсе, 1988 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен аталып келеді.

Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi шегеді. 4 миллионның 600 мыңнан астамы қыз-келiншек болса, 120 мыңы - 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Отандастарымыздың басым бөлiгi 20-ға толмай жатып, шылымның «дәмiн» татады екен. Сорақысы сол, елiмiзде жылына - 25 мың, күн сайын 70 пенде темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттерден көз жұматын көрiнедi. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпе рагы ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артып, ал бүйрек дертіне 5 есе көп шалдығады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тағы бір мәліметінде Қазақстанда 12 жастан асқан бойжеткендердің 9,8% темекімен әуестенсе, 20 мен 50 жас аралығындағы әйелдер арасында никотинге мүл-дем тәуелділер көп екен.

Шылым көпшілік ойлағандай, суықта жылытпайды, мидың жұмысына серпіліс әкелмейді. Керісінше, адамды ұзаққа созылатын тәуелділікке душар етеді. Әсер ету күші жағынан ішімдік пен есірткіден әлсіздеу болса да, тигізетін зияны асып артылады десек те қате болмас. Өйткені темекі түтіні адамның барлық мүшелеріне, әсіресе тыныс жолдарына қауіпті әсер етеді. Қазіргі таңда ауаның құрамында оттегінің кемуіне және көміртегінің артуына қатысты (оған темекі түтіні мен автомобиль газын қосыңыз) мәселені есепке алсақ, тыныс жолдарын зақымдайтын аурулардың артқандығы жайлы белгілі болды. Қасиетті Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!», «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!» делінеді. Ал шылым шегетін адам –денсаулығына зиян тигізіп, өз қолымен өзін қатерге итермелейді, әрі өз-өзін «баяу өлтіреді» .

Шылым шегуден бас тарту халықаралық күні 17-қараша болса, 16-қараша Созылмалы өкпе ауруының бүкіләлемдік күні болып саналады. Статистикалық мәліметтер бұл дертпен дүниежүзінде 600 миллион адам ауыратынын, жылына 2 миллион 500 мыңнан астам адам көз жұматынын алға тартады.

Шылым шегуден пайда болатын аурулар:

•Асқа деген тәбетті қайтарады.

•Ас қорытуды қиындатады.

•Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.

•Асқазанда жара пайда болады.

•Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.

•Жөтел және қақырық пайда болады.

•Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.

•Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

•Тамырды қатайтады (атересклероз).

•Қол - аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол - аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.

•Ми қызметін реттейтін тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.

•Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.

•Есте сақтау қабілетін азайтады.

•Көңілсіздікке душар етеді.

•Ұйқыны азайтады.

•Теріге әжім түсіреді.

•Ер - әйелдің жақындасуына еңжарлықтың басты себебінің бірі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3335
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6108