Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2582 0 пікір 7 Маусым, 2009 сағат 19:37

Оспан РАҚЫМБЕК. Мақтау жел сөз, жанға қас, қошаметшіл шығарған...

Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Бағдат Әміреев мырза «Назарбаев – түркі әлемінің көшбасшысы» деген табақтай  тақырыпты мақаламен газетке шығыпты. «Өй-дөйт!» дедік. Әрине, ол кісіден аяғанымызды ит жесін, Әміреевтей адал нөкерлер «Назарбаев - адамзаттың көшбасшысы» десе де қабылдауға болар еді, тек, жеке жерде, үйінде, сарайында, бетіне айтсын. Нұры тасиды. Ал, өздерін түркі әлемінің өкілі санайтын Каримовтар, Абдолла Гүл, Ердоғандар, ең болмағанда мына тұрған Бакиевтер біздің дипломатпен келісе ме екен? Осы тұсы дүдәмал қалды.
«Жақсының жақсылығын айт... бәлду-бәлду» деген мақал біздің жағымпаздарға жақсы болды. Ішіне сыймай бара жатқан мадақты былш еткізіп бетіне төгіп тастайды да, қарап отырады. Мысалы, «Нұр Отанның» құрылтайында ақсақал, академик Кенжеғали Сағадиев сөйлеп тұр: «Әр істің өз ұстасы болады, әркімнің өз ұстазы болады. Біздің істің ұстасы да Сізсіз, Нұреке, ұстазы да Сізсіз, Нұреке!..» деп тақпақтатып. Өшіріп тастадым теледидарды. Бекер істеппін. Сәл шыдамым жеткенде, соңына дейін тыңдап, жаттап алып, әнге салып айтып жүрер ме едім...

Енді шыдам туралы. Шыдамаған себебім, Сағадиевтің академик деген, ғалым деген дардай атағы бар. Шын ғалымдардың Сталин заманында да сынбағаны туралы аңыздар көп. Ал сол ақсүйек атаққа, ғалым деген арлы атауға ие бола жүріп билікке осынша жәркештену неге керек? Қазақтың плехановтары, лихачевтары, сахаров-солженициндері қайда? Ғылымға сіңірілген еңбектен билікке етілген қызмет қашан озып еді? Шын есі бар билік иесі нағыз ғалым алдында бас иуге керек емес пе, керісінше. Ал билік алдында ламбада билейтін сағадиевтер барда «пту-лық» қана білімі барлар ғылымды сыйлауы мүмкін бе?
Кабинет жағалаған генерал Тоқпақбаевтар, мұрты майланған премьер Мәсімовтер билеушіге мадақ жаудырған кезде басқаша, өзінше түсінікті, ал академик  жалбақтағанда мүлдем өзгеше, қорлануға ұқсас әсер алады екенсің...
Елші Бағдат Әміреевтікі де өте одағай көрінеді. Әр сөзін бағып сөйлеуге міндетті, сауысқаннан сақ болуға тиісті елші қауымы ел басшысының атына осындай, көпе-көрнеу арандатушы мадақ жаудырғанда, бұл маманның кәсіби біліктілігіне күмән туындайды.
«Түркі әлеміне көшбасшы болу», бұл дегеніңіз азуы алты қарыс Кемаль Ататүріктің қолынан келмеген дүние. Анадолы түрігін феодализмнен нарыққа, өркениетке сүйреп шығарған, ұлттық оянуға түрткі болған Ататүрік - өзінің, Түркия түрігінің ғана көшбасшысы, «түркі әлемінің» емес. Ол және қандай да бір түсініксіз «әлемдерге» емес, өз ұлтына қызмет етті, түріктің еңсесін көтерді, соған тынбай ұмтылды. Сол, ұлтына қызмет еткенінің арқасында, қателігі көп болса да, халқы төбеге көтерді. 
«Мақтау жел сөз жанға қас, қошаметшіл шығарған.
Бір мақтаса боқтамас, ер табылса құмарлан», - дейді Абай..

«Қазақстан» апталығы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540