Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3410 0 пікір 23 Қараша, 2017 сағат 23:27

Қарағандыда Фин технологиясы бойынша жұмыс істейтін қоқыс өңдеу зауыты ашылады

Қарағанды облысы ЭКСПО-да ұсынылған технологияларды енгізумен айналысады. Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.

-ЭКСПО-да ортаға салынған технологиялардың ішінен Қарағанды обысында 31 жоба әрі қарай зерттеп, енгізу үшін іріктеп алынды, - деді облыс әкімі.

-Мысалы, Қарағанды үшін біз қоқысты өңдеудің оңтайлы технологиясын іздестірген болатынбыз. Барлық ұсынылған жобалардың ішінен біз фин ғалымдарының зерттемесін таңдадық. Ол қоқысты қалдықсыз өңдеуді қарастырады. Қазір қалалық коммуналдық қызмет осы технология негізіндегі қоқыс өңдеу зауытының құрылысын бастау мүмкіндігін қарастырып жатыр, - дейді Ерлан Қошанов мырза.

Кейбір жобаларға аймақтың аграрийлері қызығушылық танытқан екен. Екі өсімдік өсіру шаруашылығы жаңа су үнемдеу технологиясын енгізуді көздеп отыр.

-Облыста сонымен қатар қайта жаңартылмалы энергетика дамып келеді. «Бүгінгі күннің өзінде облыста жаңартылмалы энергия көздері жылына 4,6 млн кВт/сағ қуат береді. Көп емес әрине, алайда бұл жаңа ауқымды бағыттың тек бастамасы ғана. 2020-шы жылға қарай біз тағы 6 жаңа жасыл энергетика нысандарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл энергия көздерінің жалпы қуаттылығы 261 МВт құрайтын болады», - деп мәлімдеді Е.Қошанов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371