Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4185 0 пікір 24 Қараша, 2017 сағат 23:38

“Бизнестің жол картасы – 2020”: 10 айда 1460 адам біліктілігін көтерді

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, 23-24 қараша күндері барлық аудан әкімдерінің кәсіпкерлік саласында жетекшілік ететін орынбасарларының, қалалық және аудандық кәсіпкерлік бөлім басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен келелі жиын өтті. Облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен “Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының” жұмысын кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада салаға қатысты бірқатар мәселе көтерілді деп хабарлайды Абай-ақпарат агенттігі.

Жалпы, облыстағы толық форматтағы Кәсіпкерлер үйінде бизнесті қолдауға арналған барлық институттар, Мемлекеттікжеке меншік әріптестік өңірлік орталығы, Жобаларға сараптама жасау орталығы, “Қызылорда” Өңірлік инвестициялық орталығы” микро­қаржылық ұйымы, прокурор кабинеті орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, ол – бизнес өкілдеріне арналған тиімді мүмкіндік алаңы. Бұл жерде кәсіпкерге өзінің бизнес идеясы мен бастамасын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған, яғни мұнда келген кез келген тұрғын кеңес алудан бастап, кәсібін тіркеу, бизнес-жоспар әзірлеу, біліктілігін көтеріп, жобасын қаржыландыру секілді мемлекеттік қолдаудың барлық түрлеріне бір жерден қол жеткізе алады. Сондай-ақ, биылдан бастап электрмен, сумен, газбен жабдықтауға қосу және қажетті техникалық шарттарды алу рәсімдерін жеңілдету үшін “Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы” өз қызметін бастады. Орталық директоры Қамар Бекетованың айтуынша, бұл жерден 10 айдың ішінде қала, аудандағы 6083 азамат 12 354 кеңес алған. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясындағы 8 сервистік қызметті алушылар қатары артқан. “Бизнес-мектеп” компонентінің “Бизнес-кеңесші” жобасы да зор сұранысқа ие.

– 10 айда 1460 адам біліктілігін көтерді. “Бизнес-Өсім” құрылымы да өңірде танымал. Республика бойынша жүзеге асырылып жатқан “Бастау Бизнес” жобасы қызылордалықтар арасында жоғары сұраныста. Биыл 937 азаматты оқытуды жоспарлаған болатынбыз. Бү­гінде 937 азаматтың барлығы оқып, бизнес жоспарларын қорғады. Нәтижесінде қаржы ұйымдары арқылы жалпы құны 585,7 млн теңгені құрайтын 173 жоба қаржыландырылып отыр, – деді Қ.Бекетова.

Шарада мамандар бизнесті дамыту үшін жасалған мүмкіндіктерді ауыл кәсіпкерлеріне кеңірек түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін қозғады. Бүгінгі таңда өз ісін бастағысы келетін жастардың жеке бизнес ашуына да қолдау толастамайтынын, оларға қойылатын талап пен бірқатар жеңілдіктерді де тарқатып айтты.

Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысында “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы осылайша жүзеге асып жатыр.

Берік Аманхан

Қызылорда

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329