Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2267 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 12:45

Жан Жақ. «Мемайтыстың» мүддесі мәшине бөліс пе?

О заманда бұ заман айтысқа «Самұрық-Қазына» «спонсор» болып, көрермен ретінде Қанат Саудабаев келеді деген ой кімнің басына келген десейші. Бірақ, мына күнәһар көзіміз ондай айтысты да көрді... Кеше кешкісін, дұрысы түн ауа "Тәуелсіздік тағылымы" атты республикалық айтыстың ақтық сыны аман-есен, айқай-шусыз өтіп, жүлде тапсыру рәсімі жасалды. Айтыстың демократиялық принциптерге, жариялылық ережелеріне сай өткен-өтпегеніне сарап жасамай-ақ, Жүрсін Ерманның «енді түсіңесіздер ғой, ағайын. Бұрын айтыстың шешімін өзім шығара салушы едім. Енді міне, айтыстың да иесі көбейді. Иесі көбейгенде шешімге келу де қиын екен» деп көрерменді күлдірмек болғанын айтайық. Бірақ, мұнысы күлкіден кейіске көбірек ұқсап кетті... Қайтесіз енді, «мемайтыстың» мәресіне жеткен Аманжол Әлтаевқа бұл жолы "Бас жүлде" бұйырып тұр екен.

Сонымен бірге, су жаңа «Тойота Лэнд-Крузер Прадо» көлігінің кілтін қалтасына басты. Ал, Айнұр Тұрсынбаева («Судзуки Витара»), Бекарыс Шойбеков («Ниссан Алмера») және жас ақын Жандарбек Бұлғақов («Митцубиси Ланцер») тиісінше 1-ден 3-ке дейінгі орындарды әм мәшинелерді бөлісіп алды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының атынан Ералы Тоғжановтың ақшалай сыйлығы Сара Тоқтамысова (500 мың теңге) мен Қызылжардан келген Әлібек Серғалиевке (500 мың теңге) берілді. Ал, Қайрат Сатыбалды ағамыз «Бұл «Нұр Отанның» емес, өз қалтамнан шыққан қаржыдан» деп, Мұхтар Ниязов пен Еркебұлан Қайназаровтың қолына 5 мың доллардан ұстатты. Қайрекеннің қайырымы дін туралы дұрыс айтқан Балғымбек Имашов, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаровтарға да түсіп, оларға бір-бір көліктен атады. Қандай марка екені бір Құдай мен Қайрекеңе аян, бірақ «беремін» деді ғой. Осыдан да, қу тілді әріптесімнің «Қайрат Сатыбалды, ақындарды сатып алды» деп қағытып жатқаны бар.

Ал, «Егемен Қазақстан» газетінің атынан есте қаларлық сыйлық болсын деп Сауытбек Абдрахманов Балғынбек ақынға ноутбук, кешіріңіз нетбук тапсырды. Бұлай шатасқан біз емес, осыны жариялаған, айтыстың иесі деген Мырзатай Жолдасбеков еді... Айып болмасын, алайда Мырзатай ағамыздың Аманжолға бұйырған көліктің кілтімен қоныраулата соғып, біраз ойнақ салуы, ерсілеу жүрісі, сөзі көрермен арасында абың-күбің әңгіменің өзегіне айналып жатты. Осымен, аузына ноқта түскен айтыс та тарқады. Орындарынан Мұхтар Құл-Мұхаммед, Мәулен Әшімбаев пен ... қабағын сол күйі ашпаған Қанат Саудабаев та тұрып кетті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572