Жұма, 22 Қараша 2024
4312 9 пікір 27 Қараша, 2017 сағат 10:23

АҚШ ресейлік БАҚ – "шетел агенті" туралы заңға қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ сыртқа хабар тарату (BBG) кеңесінің басшысы Джон Лэнсинг Ресей аумағында хабар тарататын шетелдік БАҚ туралы заңның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады. Заң талабы бойынша осы елдегі шетелдік БАҚ енді "шетел агенті" ретінде тіркеуден өтуі тиіс болады.

Мәлімдемеде Ресей ресми орындары заңның бұдан бұрын америкалық Азат Еуропа/Азаттық радиосы және «Америка даусы» радиосы жұмысын қатты шектейтінін бірнеше мәрте білдіргені айтылған.

«Біз өзіміздің жұмысымызға байланысты Ресей билігінен алуымыз мүмкін ресми хабарламаларды мұқият зерттейміз. Журналистік қызметке орай болуы мүмкін салдар туралы біз болжам жасамаймыз. Алайда бұны Құрама Штаттардың әрекетіне жауап қадам ретінде түсіндіретін шаралар шындықты айтарлықтай бұрмалайды. RT (Russia Today) және "Спутник" арналарын қоса алғанда, Ресей медиакомпаниялары Құрама Штаттағы жұмысын еркін жүргізеді және олардың өнімдері кабельді телевизиялық компаниялар және FM станциялары арқылы транслацияланып тарап жатыр. Алайда «Америка даусы», Азат Еуропа/Азаттық радиосын қоса алғанда, америкалық медиа Ресейде телевидение мен радиодан айрылды. Оған қоса кәсіптік қызметін атқару кезінде біздің журналистер Ресейде қудаланады және өз жұмысында айтарлықтай кедергіге душар болады. Азат Еуропа/Азаттық радиосына мақала жазатын Николай Семенаны Ресей соты жазған мақаласы үшін соттады. Штаттан тыс тілші Станислав Асаевты Украинадағы ресейшіл сепаратистер қамауда ұстап отыр. Азат Еуропа/Азаттық радиосының журналистері биыл наурыз айында Ресей оңтүстігіндегі Краснодарға барған ісспарында шабуылға ұшырап, соққыға жығылды. Ал «Америка даусының» тілшісі Дэниэль Ширфке Ресейге қайту кезінде виза бермеген»,- деп атап көрсеткен Джон Лэнсинг.

Мәлімдемеде Ресейдің Америкадағы БАҚ-ына жасалғандай жағдай Ресейде де АҚШ БАҚ-ына жасалса, АҚШ сыртқа хабар тарату кеңесінің оны қуана қабылдайтыны айтылған.

Сыртқа хабар тарату басшысының айуынша, Америка медиа-компаниялары Америка заңында бекітілгендей халықаралық аудиторияға, соның ішінде Ресейге де анық, объективті және толық ақпарат беру туралы өзінің миссиясына адал болып қалады.

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні «шетел агенті» - бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға қойған болатын. Құқықтық ақпарат ресми порталына қойылған заң күшіне енген. Енді шетелден қаржылай көмек алған БАҚ «шетел агенті» ретінде танылуы мүмкін.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322