Сәкен Бозаев. Естілік көрсету жасқа да, жасамысқа да ортақ
Қисық мылтық көрсе лып етіп суға сүңгитін қасқалдақ сияқты тегімізге тартқан кеңпейіл мінезіміз кінәмшіл болып барады. Ертеде бір би « үлкенді кішілер сыйламағанға неге жаза жоқ» деген сұраққа бірден жауап бере алмай ойланып барып: - бұрынғылардың заңдарында ондай жаза болмағаны - ондай өрескелдік пен әдепсіздік болмағандығынан болу керек деген екен. Ақсақал атаулыны бір көгенге көгендеп жалпылама кірбің сөз айтатын күлдік қопсытушылар қарасы көрініп жатыр.
Аға буынға өкпе арту ізгі жөн-жосықты ұғындырар деп дәметкен кейбір зиялы қауым өкілдерінің естиярлық жасай алмағандығынан да болар. Жібек тозса жабуға да жарамайды деген. Уақыты озған, тәні тозған үлкендерді көне сөзінен озбады деп, лапылдап лаулап жанбады деп сөгуге болмас. Үлкендердің жылымшылап айтқан сырғақ сөздері мен қол сүйген ерсілігін ақылмен саралап, аршып ала білген жарасымды . Естілік пен есерлік жасқа да, жасымысқа да ортақ пендішілік.

Азат ел атанып, еркіндікке екпіндей ұмтылсақ та тікенек үстінде жалаңаяқ жүргендей жайсыздықтар болып жатыр.. Кешегі «итің жаман» дегенге қорланатын ақсақалдарымыз төрелігін айтып, жөн-жосығын ұғындыра алатын күйде емес.. Содан болу керек болдым, толдым деп жүрген біліміді де қарымды жастарымыз үлкендердің күйбің тірлігіне де күмәнмен қарай бастады.. Биікке ұшқың келсе абайлап қонуды үйрен деген бар. Төбесі көкке жетсе де табаның жерде екенін ұмытып, аға буын өкілдерін қалай дегенде де ит жыртқан терідей қылу білгірлік емес. Суын ішкен бұлаққа тас атпа деген бар. Өрең жетер айтарың мен ақылға сыйымды ойларың болып жатса сақалға жармаспай-ақ айта білген дұрыс болар еді.
Ұрпақ келер, ұлағат іздер деп, өткенді -өнеге санап, бүгініміз - іс-әрекет, ертеңіміз - арман болатындай қалыпты тіршілікті жоқтайтын ақсақал ағалар жоқ емес. Олардың қадамы қысқа, өрісі тар болса, төрге шығып төрелік айтар қауқары қайдан болсын. Терең болсақ демей, телегей болсақ деп, қулығын құрал етіп жықпылдан дүние жиған тексіздердің топастығын отбасында отырып мінегеннен басқа қылар амалы жоқ. Аларынан айрылса да айтарын жібермейтін қырдың қырағы ойлы аға буын қарттар әлі де бар. Олар қыза-қыза келгенде ұсқынсыздардың тектігі мен бектігіне қарамай топырлата сыбап алатын қазақы мінезінен арыла қойған жоқ. Қамшыдан басқа қару ұстамаған қой мінезді момын болып көрінсе де айналасын арамдап жүрген айналасындағы жетесіздерге жекіріп, адуын мінез көрсететіндері де бар.. Ойы тәуелсіз, еркі азат болуын артық санаған олар басын бұтаға тықпай, мойнына қамыт салдырмай өткен асаулығын да жоғалтқан жоқ. Бүгінгі тірлікке ендеп кіріп алған екіжүзділік, мансапқорлық, дүниеқоңыздыққа жатсына қарайды. Нарықтың алабажақ шапанын жамылып алғандар өз жұртын тонап, өгейлік жасау ар қылы ағайын сыйластығы мен ата дәстүрін аяқ асты еткеніне наразы.. Заңсыздықты заңына айналдырып Абай айтқан қиқымдықтан да әрі ұсақталып, қоқым болып құнсыздана бастаған тізгін ұстағандарды көріп қиналады. Еркіндік алған кезеңде ескі соқпақпен жүре беретін бүгінгі алымдылардың көнбістілігінен арыла алмағанына ренжиді. Өзі келген тәуелсіздікті оң аяғынан орнықты етіп тұрғыза алар төте жол табатын азаматтарын іздейді.
Азшылықтың тілегін емес, қоғамның барша мүшелерінің мүдделері қорғалатын заң мен тәртіп үстемдік етсе дейді.. Өз биігін, өз мүмкіндігін елі үшін жұмсай білетін біліктілеріміз биікке шығып, тегінмен, дәмсізбен қоректенетін дүмшелер еңістіктегі орнына қойылса дейді.. Биліктегілер байлықта күнә атаулыдан құтқаратын қасиет жоқтығын біліп, өзі көрген қызықты өзгелерден қызғанбайтын, барлығына да болсын, кемісі толсын дей алатын кең пейілдік таныта алса дейді.
Адам - өткінші, адамзат - мәңгілік. Осы мәңгіліктің ту басында әрдайым күннің шуағындай тегін, ақысыз-пұлсыз аталарымыздың аманат-өсиеті тұрғаны абзал болар еді. Өмір ағымы таразысынан өтіп сараланған - ғибрат, өнеге, тектілік солардан қалған. Бүгінгі естиярларымыздың ісі мен айтқандарының бәрі ақыл, өнеге бола беретіндей болмай тұрғаны белгілі жай.. Кейбірі күнкөріс қамын күйттеп жүрсе, қайсыбірі атақ алушылар қатарында қаздиып тұрғанды қалайды.. Сондықтан болар, оларға да өкпе жүрмейтін болды.
Сәкен Бозаев, Атырау облысы, Құлсары қаласы.
«Абай-ақпарат»