Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3873 0 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 15:37

Елбасы Қожамжаровты қабылдады

Кездесуде Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысына Агенттіктің биылғы 10 айда атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

– Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қабылдаған кезде кімде-кім сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, ешкімге де жеңілдік жасалмайтынын және жазадан құтылмайтынын ескерткен болатынмын. Соңғы жылдары бұл бағытта көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы бюджет қаржысын тиімді әрі ашық пайдалану қажеттігін айтты.

Қ.Қожамжаров Мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу барысында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімдеп, оның іске асырылуына халықаралық сарапшылар қауымдастығы тарапынан жоғары баға берілгеніне назар аударды.

– Биылғы 10 айда 3400 қылмыстық іс қозғалып, оның бір мыңы сотқа берілді. 15 миллиард теңге көлемінде келтірілген шығынның 11 миллиарды мемлекетке қайтарылды. Құны 7 миллиард теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды, – деді Агенттік төрағасы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 994
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 926