Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2359 0 пікір 17 Желтоқсан, 2010 сағат 09:51

Нұра Матай. Желтоқсан.1986. 24 жылдан кейін

17-нші жетоқсан күні жылдағы әдет бойынша, желтоқсандықтар, зиялылар, жастар қарасы елу-алпыс адам Желтоқсан ескерткішіне гүл қойып, тағзым етті. Зиялылардың арасында Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Софы Сматаев, Өтежан Нұрғалиевтер, қоғамдық ұйым өкілдерінен Дос Көшім, Асылбек Қожахметовтер, саяси партия «Азат» ЖСДП-сының тең төрағасы Жармахан Тұяқбай болды. Ескерткіштің алдында жалау көтерген желтоқсандықтар Мұхтар Шахановты күтіп біраз тұрды. Ол кісі келгеннен соң жұрт арасында әңгіме айтып тағы бірқанша уақыт бөгелді. Соның арасында Аманғазы Кәріпжанов бастаған бір-екі ақын желтоқсан жайлы өлеңдерін оқыды. Өлеңдерінің мағынасы қазақтың байлығы шетке кетті, қазақтың рухы оянбай жатыр, өлдік, құрыдық деген пессимистік сарында.

Содан гүлді шала-пала қойған жұрт жапырылып кейін қайтып, топтаса, қолтықтаса «Менің Қазақстанымды» шырқап, Тәуелсіздік монументінің алдына келіп, шоғарланды. Сол жерде Мұхтар Шаханов: «2011 жылғы желтоқсанның 25 жылдығына кино түсіріліп, кітап шығуы керек. Желтоқсандықтар өз ой-пікірлерін айтуы керек. Әйтпесе, басқа күні шықсақ бізді соттайды қазір», деді. Оның сөзін жалғастырған Жармахан Тұяқбай «Желтоқсандықтарға соғысқа қатысқан ардагерлермен бірдей статус беріліп, желтоқсанды ұйымдастырған адамдар көзі тірі кезде оның шындығының ашуылуына президент я үкімет мемлекеттік-қоғамдық комиссия құруы көажет», деп барып тоқтады. Жиынның соңынан құран оқылды. Бірақ, оған қанағаттанбағандар тағы да құрыдық, біттік деген сарындағы өлеңдерін оқып жатты. Ал, жұрт болса, жайбырақат тарқасып жатты.

Сол маңда жүрген Дос Көшім мырза желтоқсандықтардың соңғы кездегі әрекеттері (жұмыртқа лақтыру, 17-18-і күндері алаңға шықпай-ақ қояйық деген мәлімдеме) тарихи көтерілісітің жұрт назарындағы бағасын кетіріп, Желтоқсанға деген ел құрметіне қылау түсіргенін сөз етті.

Бірақ, В.Козловқа қарата жұмыртқа лақытрған Талғат Рысқұлбеков пен Гүлбаһрам Жүніс, 17-18-і күндері алаңға шықпай-ақ қояйық деп мәлімдеме жасаған өзге де желтоқсаншылардың бәрі де ұрандатып, жалаң айғайға жанын салып алаңда жүр.

Полиция былтырғыдай нөпір болып келген жоқ. Бірлі-жарым ғана қызыл жағалылар жүр. Олар тек бақылап қана тұрды. Сөйтсек, олай болатын жөні бар екен. Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы бірқатар жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, басшылығы, студенттері бәрі бірігіп, осы күні алаңға барып, гүл қойып, Желтоқсан құрбандарын еске алмаққа ұйғарған. Бейбіт түрде. Өйткені, бұл ұлттық тарихтағы азаттық үшін болған қантөгіс, күрес екені белгілі. Алайда, Алматы қаласы әкімшілігі оқу орындарының басшыларына хабарласып, желтоқсанға байланысты шараларыңызды оқу орындарыңызда өткізе беріңіздер, алаңға келмей-ақ қойыңыздар деген «өтініш» айтыпты. Сонда Алматы қаласы әкімшілігі неден қорқады? Ол не үрей? Ахметжановтың кеңсесін аударып тастамақ болып жүрген ешкім жоқ.

Бұл биліктің өз халқынан соның ішінде жастардан өлердей қорқатынын көрсетеді. Өзі үшін. Өйткені, ұрының арты қуыс деген сөз бар ғой. Аққа Құдай жақ екені белгілі. Жоғарының қамсыз ұйқысының қамқоршысына айналған жергілікті биліктің әсіре сақтығы бәрібір қоғамдағы қайта түлеп, қайта оянып келе жатқан ұлттық рухты, мемлекеттшілдік сананы тоқтата алмақ емес. Оған кешегі Тәуелсіздік күні баласын жетектеп алаңға гүл қойып жатқан қазақтардың санының қас қарайса да толастамауы дәлел. Оған бүгінгі Желтоқсан құрбандарын еске алуға өз аяғымен келген жұрт пен әсіресе жастардың қарасының көп болуы куә.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532