Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 3329 0 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 17:54

«Тіл парасат» республикалық байқауы өтеді

«Тіл парасат» жыл сайынғы республикалық байқауын өткізіледі, деп хабарлайды "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Этнос жастары арасында «Тіл парасат» байқауы өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» 2017 жылғы 23 қарашасында этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің республикалық "Тіл парасат" байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, этнос өкілдерін ынталандыру және талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету.

Байқауға 17-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады. Байқау шартына сай талапкерлер:

* Ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер

* Қазақша эссе жазу

* Диалог құру

* «Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Жүлдегерлер арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен анықталып, диплом, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті, Әйтеке Бикөшесі, 99

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 23 қараша, сағат 14.00

Байланыс телефоны: 8 (7172) 40-83-97; 8 708 923 41 64

Abai.kz

0 пікір