Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4822 0 пікір 23 Қараша, 2017 сағат 18:03

Алматыда тіл парасат байқауы өтті

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары арасында 2017 жылы 17 қараша күні «Тіл-парасат» атты қалалық байқауын өткізді, деп хабарлайды "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Байқау жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді көздеді. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыру, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамытуды мақсат еткен.

Байқауға қатысушылар байқау шарты бойынша төмендегідей кезеңдер бойынша сайысқа түсті:

-Ұсынылған тақырып бойынша дайындықсыз ауызша тұсаукесер жасау (2-3 мин.);

-Берілген тақырып бойынша эссе жазу (көлемі 1,5-2 бет, уақыты 35 мин.);

-Таңдап алынған билеті бойынша жұппен ауызша диалог құру (3-5 мин.);

-«Шабыт жұлдызы» қазақша ән орындау, би, күй немесе көркем шығармадан үзінді оқу (үй тапсырмасы, 3-5 мин.).

«Тіл – парасат» қалалаық байқауы Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының ғимаратында мемлекеттік тілді еркін меңгерген орыс ұлтының жастары арасында өтті.

Байқауға Алматы қаласы аудандарынан мемлекеттік тілді еркін меңгерген 18-22 жас аралығындағы 13 үміткер қатысып, төмендегідей сайыс түрлерінен бақ сынасты:

1. Өзін-өзі таныстыру;

2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу;

3. Таңдап алынған билеті бойынша жұппен ауызша диалог құру;

4. «Шабыт жұлдызы» қазақша ән орындау, би, күй немесе шығармадан үзінді оқу.

Байқауға Наурызбай ауданының атынан 22 жастағы Ульченко Анастасия Юрьевна қатысып, қасиетті қазақ тілінің 2- ші тұғырына көтеріліп, ауданның абыройын асқақтатты.

Жалпы нәтиже бойынша Алмалы ауданы – 1 орын, Наурызбай ауданы – 2 орын, Түрксіб ауданы – 3 орынға ие болды.

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтап, Республикалық байқауға жолдама алған жеңімпазға сәттілік тілейміз.

Қатысушыларға ойды жеткізе білу шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін көрсету талабы қойылды. Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын алғандарға тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371