Сенбі, 23 Қараша 2024
4606 3 пікір 8 Желтоқсан, 2017 сағат 09:23

Өзбекстанда көлік зауытына Ислам Каримовтің есімі берілді

Uzbekistan, Wednesday, Dec. 10, 2014. (ITAR-TASS Photo/Mikhail Metzel)

Өзбекстанда Әндіжан облысының Асака ауданындағы көлік зауытына елдің бірінші президенті Ислам Каримовтің есімі берілді. Бұл жөнінде кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады.

Тиісті қаулыға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қол қойған.

Зауыт аумағында сонымен қатар Каримовке арналған мемориалды кешен салынды. Кешенде "Ислам Каримов және Өзбекстандағы көлік өнеркәсібінің дамуы" деген тақырыпта көрме-мұражайы ашылды.

Асака ауданындағы көлік зауытының көліктері республикаға ғана емес, сыртқы нарыққа да шығарылады.

Өткен жылы Асакадағы көлік зауыты құрылғанына 20 жыл толғанын атап өткен.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371