Сымбат Сұлуова. Александар Лукашенко алдына жан салмады
Белоруссияда президенттік сайлау өтті. Сайлаудың нәтижесі бойынша елді 17 жыл басқарып келген Александр Лукашенко сайлаушылардың 79,67 пайыз дауысына ие болды. Мұны Сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі Орталық Комиссияның төрайымы Лидия Ермошина.
Бақылаушылардың айтуына қарағанда, сайлау бұрынғымен салыстырғанда біршама дұрыс өткен. Оппозиция өзінің шараларын өткізуден кенде болмапты. Біз үшін кәдімгідей жаңалық болғаны Александр Лукашенкомен бірге президенттікке тағы тоғыз кандидат түскен. Мұның өзі президенттік сайлаудың сыртқы демократиялық көрінісінің жақсы дайындалғанын көрсетеді. Көріністің өзі сенімді шыққан.
Барлық мәселе, айналып келгенде, дауысты кімнің санағанына қатысты болды. Сайлаукомның басшысы Ермошина ханымның айтуынша, белорус халқының сайлауға қатысуы 90,66 пайызды құрап, оның ішінде Лукашенкоға 5 122 866 адам дауыс берген. Ал, президенттіктен үміткерлер тоғыздықтың бәрі үш пайызға жете алмай, Лукашенконың «шаңына ілесе алмай қалды». Андрей Санников 2,56 пайыз дауыс (164 мың), Ярослав Романчук - 1,97 пайыз (126 986), Григорий Костусев - 1,97 пайыз (126 645), Владимир Некляев - 1,77 пайыз (113 747), Алексей Михалевич - 1,2 пайыз (65 598), Виталий Рымашевский - 1,1 пайыз (70 433), Виктор Терещенко - 1,08 пайыз (69 653), Николай Статкевич - 1,04 пайыз (67 мың.), Дмитрий Усс - 0,48 пайыз (31 мың.) дауысқа ие болған.

Сайлаудың қортындысын күтпей, белорус оппозициясы дауыстарды қайта санауды талап етіп мыңдаған адам ертіп, үкімет үйінің алдына шеру өткізген. Тіпті, үкімет үйін басып алмақ ниеттері де болыпты. Алайда, елдің күш құрылымдары оппозицияның жолын кесіп, шеруге шыққандардың ту талақайын шығарып таратып жіберген. Түнде өткен милициямен қақтығыстардың нәтижесінде президенттіктен үш үміткер қамалып, көптеген адам түрмеге тығылды.
Сарапшылардың сөзіне сенсек, Белорус оппозициясының мұндай асығыс қадамға баруына сайлауда көмектесуге уәде берген батыс елдері мен Ресейдің жеме-жемге келгенде сөздерінен тайқып шыққаны себеп болған көрінеді. Сайлаудың бас кезінде белорус оппозициясына қаржылық, саяси және ақпараттық көмек беріп келген Ресей ақыры серіктестерін сатып, Лукашенконың жағына шығып кетті. Сондықтан да оппозицияның іс-қимылдарын «ашыну акциясы» дегеннен басқаға келмейді.
Солай бола тұрса да, Белоруссиядағы президенттік сайлаудан біздің билік пен оппозицияның «үлгі» алатын тұстары бар сияқтанады. Тіпті, 79,67 пайыз дауыс алған Лукашенконың ұяты бар екен деп қалдық. 90 пайыздан асырып алса да оның қолынан ешкім қақпас еді. Тоқсан пайыздан асқан дауыстар дегенде қай-қайдағы еске түседі екен...
«Абай-ақпарат»