Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3913 0 пікір 20 Желтоқсан, 2010 сағат 09:58

Күлдіріп жүріп күрсініп өткен бір ғұмыр

«Тамашаның» тағы бір тарланы - Құдайберген Сұлтанбаев дүниеден озды. Ажал адаммен әзілдеспейді, Алаш жұртын ақжарылқап күлкіге  кенелтекен сахна өнерінің сұлтаны Сұлтанбаев қайтып келмес саппарға аттаныпты. Кеше. Жексенбіде... Жүрек талмасынан.

Қазақ дейтін халқының қойны-қоншын қытықтап күлкі таба білген, күлдіре білген,1970 жылдардың өзінде-ақ  зар-заманның зарпынан жүрегі шайлыққан еліне әзілмен тіл қатып, астарлап ой айта білген есіл талант келмеске кетіпті. Удай өкініш қаныңды ұйытса да  шындық - осы енді.

Құдайберген Сұлтанбаев 1978 жылы құрылған «Тамаша» ойын-сауық отауының әйгілі әртісі болды. Ойын-сауық отауында ол ерке баланың да, бетонбет бюрократтың да, сылқым серінің де, шалқалаған шалдың да, кейуана кемпірдің де күлкілі бейнесін сомдамды. Кімді кейіптесе де соның бәрі бір адамның - күлкі кемеңгері Құдайбергеннің ішінен өріп шығып, өріс тауып жататын. Қайран «Тамаша» өз тұсында  тарлан таланттарының арқасында өнер әлемінде сән-салтанатты тамаша өмір сүрді. Ірге тасын Ұлықпан Есенов, Қойшығұл Жылқышиев сияқты мәдениет саласындағы қайраткер азаматтар қалаған «Тамаша» Уайс Сұлтанғазин, Тоқсын Құлбеков, Мейірман Нүрекеев, Құдайберген Сұлтанбаев, Тұңғышбай Жаманқұловтардың талантын қазақ ортасына паш етті. Шынайы, таза, риясыз күлкіні сағынып қалған жұрт теледидардан «Тамаша» шыққан сайын отбасында той жасап жатқандай қуанып шаттанушы еді.  Көпке селт етпейтін қариялардың өзі оларды «көк сандықтан» көре қалғанда  «мынауың нағыз әртіс екен ғой» деп мәз болатын.  Көпті осылай мәз еткен таланттар шоғыры таптырмас «түзге» кетіпті. Хош деуден өзге амал кем...

Құдекең неге екені белгісіз,  комедия жанрында жүріп, трагедияны ұнататынын жиі айтушы еді. Көпті күлкіге кенелткен таланттың ішінде бір күрсініс кетті. Ол анық. Бақи бол, сахнаның сұлтаны.

Абай.кз ұжымы

Марқұм Құдайберген Сұлтанбаевты соңғы сапарға шығарып салу, қоштасу рәсімі 21-нші желтоқсан күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақтың академиялық драма театрында сағат 10-да өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504