Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
3751 0 пікір 18 Желтоқсан, 2017 сағат 12:12

Дүниежүзілік банк Тәжікстан ауыл шаруашылығына 15 млн доллар бөледі

Дүниежүзілік банктің (ДБ) директорлар кеңесі Тәжікстанның ауыл шаруашылық саласына қосымша 15 млн доллар бөлуге шешім қабылдады. Бұл жөнінде ДБ-ның Душанбедегі өкілдігі мәлімдеді.
Жоба тәжік фермерлері мен ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға арналған.

Дүниежүзілік банктің Тәжікстандағы тұрақты өкілі Ян-Петер Олтерс Тәжікстанда өндірілетін азық-түлікті экспортқа шығаратын болса, кәсіпкерлерге өндірісті арттырып, жұмыс күшін көбейтуге мүмкіндік беріледі деп есептейді.

Ауыл шаруашылығы саласын коммерциализациялау жобасына халықаралық даму қауымдастығынан 22 млн доллар бөлінеді. Бұл жоба аясында мыңнан астам жеке кәсіпкерге 3,3 млн доллар шамасында қаржы беріледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1553
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217