Сенбі, 23 Қараша 2024
3124 0 пікір 20 Желтоқсан, 2017 сағат 08:48

Ташкентте шекара қызметкеріне пышақ сұқты деген күдікпен студентке айып тағылды

Өзбекстанда Ташкент Ислам университетінің 4-курс студентіне қарсы қылмыстық іс қозғалған. Ол шекара қызметкеріне пышақ сұқты деп айыпталады.

Ташкент облысы Кибрай ауданы құқық қорғау органында жұмыс істейтін қызметкердің хабарлауынша, студент елден қашып кетпек болған кезде ұсталған.

«Студент 13 желтоқсанда ұсталған. Ол Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына заңсыз өтпек болған. Оны ұстау барысында күдікті қарсыласып, шекара қызметкеріне пышақ сұқты. Жараланған қызметкер ауруханаға жеткізілді», – дейді ол.

Милиционердің сөздерінше, студентке үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ислам университетінің қауіпсіздік бойынша қызметкері ұсталған наманғандық студент бұрын-соңды оғаш қылығымен көзге түспегенін айтады. Ал бірге оқитын курстастары айыпталушы студенттің Қазақстанда әкесі тұратынын, сол үшін көрші елге жиі барып-келіп жүретінін баяндайды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, студенттен тәркіленген "суық қару" қолдан жасалған 45 сантиметрлік қанжар болып шыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434