Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6680 2 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 09:00

Рөлді қалай жоғалтып алдым...

Бұл оқиғаның өтіп кеткеніне бірталай жыл болды. Бірақ сол оқиға есіме түссе еріксіз күле беремін. Бүгін демалыс қой, сіздер де күлсін деп жазып отырмын. Сонымен оқиға болды. Жалпы менің достарым көп болғанымен, жаныма жақыны санаулы ғана, бәрінде де солай ғой. Мен онымен "Хабар" арнасында таныстым. Ол да, мен де штаттан тыс редактор болатынбыз.

Айырмашылығымыз мен жазғанда көркемдеп жазам, лирикаға бой алдырам. Ол нақты қолмен қойғандай жазады, нағыз журналист. Бір бірімізді жақсы түсініп кеттік, мен оның жазғанын әспеттеймін, ол мені аспаннан жерге түсіреді. Реніш, өкпе жоқ. Бір бірімізді толықтырғанымызға мәзбіз. Әңгімеміміз бір таусылмайды, әдебиет, өнер, шетел әдебиеті, театр, кино, өмір пәлсапасы, күндегі тіршілік, ас дайындау, бала-шаға т.б. Бір-бірімізге тез үйренісіп кеттік, өмір бойы бір жүргендейміз. Ол да, мен де КазГУ түлектеріміз, бірақ оқып жүргенде бір-бірімізді көрмеппіз. Өмір бізді "Хабар" арнасында тоғыстырды. Көп жылдар көрінбеген себебі жолдасының қызметімен Мәскеуде тұрған. Сонымен бір күні олар Алматыдан Астанаға көшетін болды. Оған әбден бауыр басып алғаным сонша, бүкіл Алматы көшіп бара жатқандай күйде жүрдім. "Өзім шығарып саламын" деп оларды көлікке отырғызып алдым, темір жол вокзалына жеткенше көңілім астаң-кестең болды. Әйтеуір вокзалға жеттік. Көлік қоятын орын жоқ. Сол жерден қоштасуға тура келді. Өмір сенен не керегін сұрамайды ғой, өз дегенін істейді. Олармен қоштасып келіп көлікке отырсам, машинаның рөлі жоқ. Түк түсінбеймін, көз алдым тұман, түк көрінбейді. Ойпырмай, рөл қайда кетіп қалды?! Ары қараймын, бері қараймын! Қайда кеткенін түсінбеймін, жаңа ғана бар еді ғой. Газды басайын десем педаль да жоқ. Әбден қара терге түстім. Бір кезде әйнектен сыртқа көз тастасам, олар ішек-сілесі қатып күліп тұр екен. Маған алдыңғы жақты нұсқайды. Сөйтсем, мен көліктің артқы орындығына отырып алып рөл іздеп отыр екенмін!

Осы оқиғаны еске алып кездескен сайын күлеміз! Ол менің досым - Ардагүл Тоқышева!

Жаңылхан Асылбекова

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366