Сенбі, 23 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 4439 3 пікір 26 Желтоқсан, 2017 сағат 11:06

Екі сот, екі үкім. Қайсысы әділ?

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ымырасыз жүргізіліп жатқандығы көңілге көп үміт ұялатады. Алайда осындай қылмысқа қатысты істердің біразы белгісіз себептермен сотқа жетпей қалатындығын, ал жеткендерінің кейбіреулерінің тағдырлары талайларды алаңдатып отырғандығын да жасыруға болмас. Соттың шығарған үкімдерінің  де кей-кейде көңілге қона бермеді. Бірер фактілерге жүгінелік.

Былтыр бізді Қостанай қаласының әкімі бір топ сыбайласымен жемқорлыққа салынды деген айыппен түрмеден бір-ақ шыққан. Барлығы да лайықты жазасын алды. Ал әкіміз болса ең ұзақ мерзімді—13 жылды арқалап кете берды. Кінәлі болса, әрине, жазаның ауыр-жеңілі жоқ. Алайда біздің айтайын дегеніміз ол емес. Қала әкімі Ахметбек Ахметжановқа тағылған негізгі кінә оның орынбасарының ауызмен айтылды. Орынбасар бір бизнесменнен қомақты ақша алған кезде ұсталды да, «бұл ақша қала әкіміне арналған еді» деп басшысына аудара салды. Бұл шынымен солай ма, әлде орынбасар жазадан сытылып кету үшін оны басшысына итере салды ма, оны анықтау мүмкін емес еді.Ешкім де оның қолынан ұстап алған жоқ. Немесе аудио-бейне таспааға да түспеген. Алі әкім бұл ақшаның өзіне тиесілі екендігін еш уақытта мойындаған да емес. Әкімге тағылған екінші кінә—бала бақша салу үшін жарияланған тендерде жеңген фирманың орнына екінші бір фирманы заңсыз түрде жеңді деп, обьектіні соған алып берді деген айып еді. Мұны да бұлтартпас факті деу артықтау. Өйткені тендерді өткізуге әкім тікелей қатыспайды, оны арнайы комиссия өткізіп, тиісті шешім қабылдайды. Формальді түрде әкімді тендерге қатысты қылмысқа тарту да дәлелдеу өте қиын шаруа. Соған қармастан әкім бәрібір айыпты деп танылды. Біздің ойымызша ақша алғанда қолынан ұстап алып, оны тиісті түрде рәсімдемесе, қандай да жанды жемқорлыққа салынды деп айыптау—әділетсіздік. Сот тілінде жазықсыздық презумпциясы деген ұғым бар. Қазіргі соттар осыны ұмытып кеткен сыңайлы. Ал ол принципте қандай да күмәнді жайтар айыпталушының пайдасына шешеледі деп тайға таңба басқандай етіп айтылған. Осы орайда бұрынға Бас прокурор Жақыпов Асановтың (қазіргі Жоғарғы сот төрағасы) «бізде бір-екі адамның куә болып, айыптауына сүйеніп, қорытынды жасала береді» деп қынжыла сөйлегені бар.Бұдан артық бірдеңе айту қиын. Қазекең де «Ұсталмаған ұры емес» дегенді де бекер айтпаған болар.

Енді мына қызықты қараңыз. Жақында облысымыздың Қостанайдан кейінгі аса ірі қаласының бірі—Рудный шаһарында айна-қатесіз дәл осындай оқиға болды. Онда да қала әкімінің орынбасары бір серіктестікке көмектесемін деп, одан 15 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған. Орынбасар «бұл ақша қала әкімі Ғаязовқа арналған еді» деп ант-су ішіп, өзін ақтап басқты. Ал сотта прокурорлар не істеді дейсіздер ғой. Олар «қала әкімінің бұл параға еш қатысы жоқ. Оған ешбір айғақ табылмады» деп әкімді судан таза, сүттен ақ қылып шығарғысы келіп отыр. Ал орынбасарға анау-мынау емес, аттай 8 жыл сұрайды,. Біздікі әйтеуір қандай сот тек қана бұлтартпас нақты айғақтарға сүйеніп, әділ үкім шығарса ғана, әділеттілік деген қасиетті ұғымға селкеу түспейді деген сенімдеміз.   Сот жүріп жатқандағы келтірген күмәніміз шындыққа айналды. Күні кеше ғана Рудный қалалық соттың үкімі шықты. «Ақшаны әкімге беру үшін алдым деп» қаншама ант-су ішсе де Рудный әкімінің орынбасары Мақсұт Досболов 8 жылды арқалап кете берды. «Оған пара берді» деген «Өркен» серіктестігінің директоры Өмірхан Мүсірәлиевке де осындай жаза бұйырды. Ал әкімге не болды дейсіздер ғой? Ештеңе де. Ол қазір тойған қозыдай болып жұмысын жемісті атқарып жатыр.

Сонда қалай бір сотта әкім орынбасардың айтқанының негізінде сотталып кетеді де, дәл осындай оқиғаға қатысы бар деген әкіміміз ол жаладан ақталып шығады.  Сонда осы екі сот үкімінің қайсысы дұрыс? Біріншісі ме, екіншісі ме? Оның шешімін енді оқырмандардың еншісіне қалдырдық.

Жалпы әкім демекші, кейінгі кездері біздің облысымыздың аудан мен қала әкімдеріне топалаң тиген секілді. Біреуі өз ауданына келген текесерушілерге пара беріп, істі жауып тастаймын деген әрекеті жүзгеге аспай, 4 жылға сотталып кетеді. Екіншісіне өзіне емес, өзге біреуге тиесілі үйді сатып жіберіп, басы дауға қалып, ақыры қызметінен қоштасып тынады. Ал үшіншісі, сірә, «Аш құлақтан тыныш құлақ» дегендей, өз еркімен арыз беріп, жайлы қызметін тастап жүре береді. Қостанайдағы қызықтар мен шыжықтар, міне осындай. Жылды біз осындай жайсыз жайттармен аяқтайтын түріміз бар.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жайберген БОЛАТОВ

Қостанай

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339