Сенбі, 23 Қараша 2024
4393 1 пікір 4 Қаңтар, 2018 сағат 08:42

Иранда үкіметті қолдайтын шеру өтті

epa06414301 Iranian clerics take part during a state-organized rally against anti-government protests in the country, in the holly city of Qom, south west Iran, 03 January 2018. Media reports that after several days of ongoing anti-regime protests in Iran, the country's Islamic leadership has now organized rallies nationwide. According to state television IRIB, hundreds of thousands took to the streets to demonstrate their support for the system. EPA-EFE/ALI MARIZAD

Иранның бірнеше қалаларында сәрсенбі күні елдің билігін қолдайтын шеру өтті. Олар бір апта бойы жалғасып жатқан жаппай наразылық шарасына қарсылық білдірді.

Митингіге қатысқандар көшеге Иран туларын ұстап шығып, дінбасылар бақылайтын Иран үкіметін қолдап ұрандады. Олар Құрама Штаттарды, Сауд Арабиясын және басқа елдерді наразылық шеруіне қолдау білдіріп отыр деп айыптады. Хаменеи бірер күн бұрын жаппай митингті "Иранның жаулары" ұйымдастырып отыр деген.

Иранда үкіметке қарсы наразылық шарасы 28 желтоқсанда басталып, бірнеше қалаларды жайылды. Олар бастапқыда экономикалық мәселелерді алға тартқан, кейін саяси рең алды. Содан бері шерулерде кем дегенде 20 демонстрант пен бір полиция қызметкері қаза тапты. Тегеранда 30 желтоқсанда 450-ден астам демонстрант ұсталды.

Иран билігін ашық сынап келген АҚШ президенті Дональд Трамп наразылық акциясына қатысушыларды ашық қолдады. "Уақыт келгенде Құрама Штаттар тарабынан үлкен қолдау көретін боласыздар", – деп мәлімдеді сәрсенбі күні АҚШ президенті демонстранттарға арнап.

Еуропа Одағы елдері мен АҚШ басшылары үкіметке қарсы шерулерде адам шығыны болғанын және жүздеген демонстранттың тұтқындалғанын айыптады. Вашингтон Тегеран бейбіт демонстранттардың билікке деген наразылығын еркін білдіруіне рұқсат беруі керегін мәлімдеп, бұл оқиғаларға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізуге шақырды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371