Тәжікстанда сим-карталарды тек мобильді операторлар ғана жүзеге асырады
Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметі сим-карталарды сатуда жаңа тәртіп енгенін хабарлады. Байланыс қызметі өкілі жаңа жылдан бастап сим-карта сататын барлық дилердің лицензиялары қайтарып алынды деді.
Оның сөздерінше, ескерту және айыппұлға қарамастан, кейбір дилерлер сим-карталарды төлқұжатсыз сата берген.
«Бізде енді басқа амал қалмады. Дилерлер өздерінің пайдасына ғана жұмыс істеп келді. Сим-картаның иесін табу проблемаға айналды. Мобильді компаниялар біздің қатысымыз жоқ деп шықты», - дейді байланыс қызметінің өкілі.
Енді бұдан былай сим-карталар тек мобильді операторлардың кеңсесінде сатылады әрі солар жауапкершілігіне алады.
Тәжікстанда 100-ге тарта дилерлік орталық жұмыс істеп келген. Олардың 80 пайызы жеке кәсіпкерлерге, қалғаны мобильді байланыс компанияларына тиесілі болған.
Abai.kz