Сенбі, 23 Қараша 2024
3546 3 пікір 11 Қаңтар, 2018 сағат 09:30

Түркіменстанда 300 млн долларға қонақ үй тұрғызылады

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов Ашхабаде жаңа қымбат қонақ үйлер тұрғызуға бұйрық берді. Мемлекеттік ТДХ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мұндай шешімін ол 9 қаңтарда тікұшақпен қала аралау кезінде айтты.

Ресми ақпарат бойынша, іскер орталығы бар жаңа қонақ үй халықаралық әуежайға жақын маңда тұрғызылады. Нысан 6,9 гектарға орналасады, 9 қабаттан тұрады, онда 90 нөмір, сонымен бірге сауда орталықтары болады. Мемлекет басшысы оны "Қарақұм" деп атады.

Екінші қонақ үй Копетдаг бөктерінде бой көтереді. Билік ғимараттар құнын атамады. Олардың кімдердің тұрғызатыны да беймәлім. Түркіменстан астанасында жаңа қонақ үйлер құрылысына тендер жарияланғанбады.

"Қонақ үйлер құрылысы тендерсіз жүреді. Оны француздың "Буиг" компаниясына тапсырған, құны - 300 млн доллар", - деп хабарлады Азатлык дереккөзі.

Дереккөз бұл қонақ үйлердің үш жылдан соң Ашхабадта өтетін халықаралық конференция қарсаңында салынып бітуі тиіс екенін айтты. Құрылыс материлдарын әкелген. Құрылыс шығындары 500 млн доллардан асып кетуі мүмкін.

"Буиг" (Bouygues) Түркіменстанда 1993 жылдан бері істейді. Компания Ашхабадта президенттік сарайды, парламенттік ғимаратты, «Йылдыз» қонақ үйін, Жиналыс сарайын және басқа да ғимараттарды тұрғызған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437