Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4657 1 пікір 12 Қаңтар, 2018 сағат 12:16

Автокөліктерді аққа бояу науқаны Түркіменстанның солтүстігінде де басталды

Автокөліктерді ақ түске бояу туралы талап Түркіменстанның солтүстігі - Дашоғызға да жетті.

Азатлык дереккөзінің хабарлауынша, екі ай бұрын құқыққорғау органы қызметкерлері қара автокөліктерін ақ түске ауыстыра бастады. Бұл науқан басқа да мемлекеттік мекемелерге тарады. Жеке көліктерін ауыстыруға мүмкіндігі жоқтар, оны ақ түске бояп жатыр.

Соңғы ақпараттарға қарағанда, енді Дашоғыздағы барлық мекемелерде қызметтік автокөліктердің ақ түсті болуы міндеттелді.

"8 қаңтарда Дашоғызда арнайы жиналыс өтті. Онда барлық мекеме басшыларынан жеке автокөліктерін ақпанның ортасына дейін ақ түске бояу талап етілді. Жиналыста: "Біздің басшымыз ақ түстік көлік жүргізеді, ақ түс - сәттілік белгісі" деп айтылған".

"Қазір Дашоғызағы автоқызмет орындарында үлкен кезек пайда болды. Барлығы көліктерін тезірек аққа бояп алғысы келеді", - деді тұрғындардың бірі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741