Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4331 0 пікір 16 Қаңтар, 2018 сағат 09:30

Қамаудағы шешенстандық адам құқығын қорғаушыға медициналық көмек көрсетілмеді

Шешенстандағы "Мемориал" адам құқығын қорғау ұйымының басшысы Оюб Титиев медициналық көмек ала алмады. Шали қаласындағы тергеу абақтысының қызметкерлері оған дәрігерлерді жібермей отыр.

Абақтыда дәрігер бөлмесі жоқ, мекемеге сырттан дәрігер жіберілмейді. Абақты қызметкерлері Титиевтің қылмыстық ісін тергеуші осындай нұсқау берді деген.

14 қаңтарда Титиев отбасы Шешенстан аумағынан кетуге мәжбүр екені белгілі болды.

Грозныйдағы "Мемориал" ұйымының басшысы 9 қаңтарда ұсталды. Келесі күні полиция Титиев туысқандарын үйден қуып шықты. Полиция оның ұлы мен бауырын іздеген, туыстарына қоқан-лоқы көрсеткен. 10 қаңтарда Титиевке есірткі сақтады деген айып тақты. Есірткі салған қалтаны оның автокөлігінен тапқан делінеді. 11 қаңтарда сот 60-жастағы Оюб Титиевті екі айға қамады.

11 қаңтарда Норвегиядағы Хельсинки комитеті, Human Rights Watch, Amnesty International, FIDH және Дүниежүзінің азаптауға қарсы ұйымы бірлескен мәлімдеме таратты. Олар Ресей билігінен Оюб Титиевті босатуын талап етті, деп жазды"Кавказский узел" сайты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1144
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2674
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 790
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 759