Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 11546 12 пікір 16 Қаңтар, 2018 сағат 16:29

АҚШ сапары һәм Ресей позициясы

Президент Назарбаев мінген «Airbus A330-243 Prestige» лайнері
АҚШ астанасына қонды бүгін.  Ресми сапар барысында президент Назарбаев АҚШ-тың 45-президенті Доналд Трамппен Ақ Үйде кездеседі. Сондай-ақ, АҚШ-тың ресми және іскер топ өкілдерімен жиын өткізу, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу жоспарланған, деп хабарлайды Вашинтонға арнайы барған «Abai.kz» тілшісі.

Осыған дейін жазғанымыздай, Вашингтонда екі ел президенті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер мен АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылайды және бірнеше халықаралық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды сөз етеді. Бұл АҚШ масс-медиасының контентіндегі ақпарат.

Ал Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары осы жолғы кездесуде Ресей мен АҚШ арасындағы диалог және Сириядағы соғыс мәселелері сөз болатынын хабарлап жатыр.

Сөйтіп Қазақстан президенті Вашингтонда жүр. Бұл Назарбаевтың 2018 жылғы алғашқы ресми жұмыс сапары. Және ол АҚШ-тан басталып отыр.

Ал әуежайдан Қазақстан президентін Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Жорж Крол және Ақ Үйдің өкілдері күтіп алған бейне жазба жария болды. Мұхиттың арғы бетіндегі жиыннан белгілі болғаны осы әзірге.

Ресейдің позициясы

Дегенмен, Ресейлік шенеуніктер, әсіресе, Кремльдің төңірегіндегі топ АҚШ пен Орталық Азия елдерінің дипломатиясына алаңдаушылық білдіріп жатқанға ұқсайды.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кеше 2017 жылда не істеп, не қойғанын түйіндеп, баспасөз жиынын өткізіпті. Мынау «ТАСС» агенттігінің ақпараты: «Лавров: АҚШ  ОА елдерінің «С5+1» жобасын теріс пиғылда пайдаланбақ».

«Біз Орталық Азиядағы көршілеріміздің кең ауқымды сыртқы саясат ұстанғанына қарсылығымыз жоқ. Тек, ол қарым-қатынастар біздің арамыздағы келісімдерге кедергі келтірмесе болғаны.  Алайда біз АҚШ-тың бұл әріптестікті теріс пиғылда пайдаланғысы келетінін, тіпті бұрынғы президенттің әкімшілігі кезінде басталған «Үлкен Орталық Азия» жобасындағы идеяларды қайта көтермекші болып отырғанын естідік.  Бұл жобаның түпкі мақсаты – Орталық Азия елдеріне қатысты оңтүстікке бағытталған барлық жобаларды Ресейдің қатысуынсыз өткізу»,- депті Лавров әлгі жиында.

Ең бастысы, АҚШ Орталық Азия елдерімен жүргізетін келіссөздерінде экономикалық емес, геосаяси мәселелерді алға тартатын болса, мұның ақыры үлкен шығынға әкеліп соқтыратын айтқан.

«Егер бұл солай болатын болса, америкалық әріптестеріміз ОА-дағы достарымызбен көздесуінде экономика емес геосаясат тұрғысында келіссөздер жүргізетін болса, онда олардың барлығы бұның жақсылыққа апармайтынын көретін болады. Біздің «Үлкен Еуразия» жобамыз аталмыш идеологияға кереғар. Оның негізінде ашықтық пен біртіндеп бірігу идеясы жатыр. Осының нәтижесінде біз бүкіл Еуразия құрлығын біріктірмекпіз» - деген.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5492