Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4502 1 пікір 17 Қаңтар, 2018 сағат 08:22

Кейбір адамдар тура LADA сияқты...

Бір адамдар бар, жылдар бойы жұмыс істесе де ойлау деңгейі де, өмірге деген көзқарасы да еш өзгермейтін, өспейтін. Тура LADA сияқты.

Олар оны өзгертуге талпынбайды да. Енді бір адамдар жыл өткен сайын ақыл-ой, тәжірибе тұрғысынан өсіп отырады. Тура BMW сияқты. Олар тіпті қаражаты жақсы болса да, шығармашылық тұрғыдан өсуіне кедергі жасайтын жұмыс болса, оны сол сәтте-ақ тастап кетеді. Ондай жандарды көріп жүрмін.

Бірінші категорияны да жиі байқаймын. Адамдарды осы тұрғыдан екіге жіктеуге болатын шығар. "Зона комфортадан" қанша қабілетті болса да шыққысы келмейтіндер және керісінше, жаңа білім мен тәжірибеден жаны ләззат алатындар. Жиырма жасында бастап жиырма жыл бойы бір жерде жұмыс істеп жүргендер бар. Қанша тәжірибесі болса да, басқа жерде қаражаты мардымдырақ болатынын білсе де, басқа жұмысты игеріп кететінін сезсе де барудан қорқатын. Ал менің ойымша жастық шақта мүмкіндігі келгенше үш-төрт жұмыс орнында істеп көрген дұрыс. Және бірінші жұмыс орныңа қарағанда екінші жұмыс орның, екіншісіне қарағанда үшіншісі адамға беретін тәжірибесі мол болуға тиіс деп санаймын. Әрине тек субъективті пікірім.

Жастық шақта жұмыс орныңнан барлық тәжірибені алып болғанда және оның енді саған үйретері қалмағанда неге басқа орынға ауыспасқа?! Жастық шақта үйренген дұрыс. Мына суретті көргенде тура сондай ой келді.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502