Сенбі, 23 Қараша 2024
3307 0 пікір 17 Қаңтар, 2018 сағат 09:14

Түркіменстанда "зиянды әдеттерді" телеарнадан көрсетуге заңмен тыйым салынды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов зорлық-зомбылық, жыныстық бағдарламалар мен зиянды әдеттерді телеарнадан көрсетуге заңмен тыйым салды. Ресми ақпаратқа қарағанда, өткен аптаның соңында Бердімұхамедов "Теле және радио хабар тарату жөніндегі" заң жобасына қол қойған.

Жаңа заң елдің «жағымды бейнесін» қалыптастыруға шақырады. Аталған құжаттың 4-бабында «кәмелетке толмағандардың ақыл-ойының жетілуіне кедергі келтіретін зорлық-зомбылық элементтері бар ақпараттарды таратуға тыйым салынады» делінген.

Сонымен бірге 44-бапта аталмыш материалдарды таратуға тыйым салу ұлттық мүддені қорғау мақсатында жасалынып отыр делінген.

Түркіменстанда БАҚ-тың барлық түрі мемлекеттің қатаң бақылауында. Тіптен кабельді телеарналарда да цензура бар. Мемлекет бақылауынан айналып өтетін – жалғыз спутниктік арналар болатын. Бірақ бұл елде спутниктік телеарналарға тыйым салған.

Енді кино мен сериалдар орнына түркімен арналары президент кітаптарын оқиды.

Заңда зиянды әдетке не кіретінін, оны қалай анықтайтыны толық жазылмаған.

Телеарналарда президенттің қаһарман бейнесі жиі көрсетіледі.

Теле және радио хабар тарату туралы жаңа заң Түркіменстанның жағымды бейнесін жиі насихаттауға шақырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502