Сенбі, 23 Қараша 2024
3650 0 пікір 17 Қаңтар, 2018 сағат 09:16

Өзбекстанда Таштүрме тұтқындары жаңа абақтыға көшіріліп жатыр

Ташкенттің № 1 тергеу изоляторының тұтқындарын Ташкент облысы Зеңгі ата ауданындағы жаңа абақтыға ауыстырып жатыр.

№1 тергеу абақтысы қызметкерлерінің сөздеріне қарағанда, қазір онда 20 бақылаушы қалған. Тұтқындарға азық-түлік, киім-кешек қабылдау тоқтатылған. "15 қаңтардан бастап тұтқындарды Зеңгі ата ауданындағы жаңа абақтыға көшіріп жатыр",- деп хабарлайды дереккөз.

Таштүрменің тұтқындарды ұстайтын төрт корпусы болған. Бақылаушылардың айтуынша, бұл абақтыда соңғы кезде 2,5 мың адам жазасын өтеген.

«Жаңа түрмеде сегіз корпус бар. Барлық бөлмелері жаңа құрылғылармен жабдықталған. Түрме аумағы арқылы темір жол желісі өтеді. Тұтқындарды сол жерден басқа абақтыға көшіру мүмкіндігі де зор», – дейді бақылаушының бірі.

2015 жылдың шілде айында БҰҰ отырысында Өзбекстандағы адам құқықтары мәселесі талқыланып жатқан кезде, ресми өзбек делегациясы Орталық Азиядағы ең үлкен, халықаралық талаптарға сай келетін заманауи түрме салынып жатқанын айтып, мақтанған.

Жаңа абақты Ташкент облысының Зеңгі ата ауданында орналасқан.

Осыған дейін Таштүрменің жағдайы өте нашар деп, сын айтылып келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502