Жұма, 20 Қыркүйек 2024
4426 0 пікір 18 Қаңтар, 2018 сағат 09:21

Өзбекстанда имамдар мерзімді баспасөзге жазылуды уағыздап жатыр

Өзбекстан мешіттеріне келген адамдарға мерзімді баспасөзге жазылуды үгіттеп жатыр. Имамның бірі мұндай тапсырма Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасынан келгенін айтады.

Жергілікті тұрғын Шарифжонның айтуынша, Ташкент облысы Янгиюл ауданындағы «Эски ковунчи» мешітінің имамдары мұсылмандарды мерзімді баспасөзге жазылуға үгіттеген. «Бізге 30-60 мың сум (3-6 доллар) төлеп, газеттерге жазылуымызды сұрайды. Имамдар егер біз жазылмасақ, мешітті жауып тастайды деп жатыр», – дейді сказал Шарифжон.

Мұнан бөлек, мешітке келушілерге Өзбекстанның бас мүфтиі Усманхан Алимовтің «Тафсири Ирфон» деп аталатын жаңадан жарық көрген кітабын 50 мың сумға (6,5 доллар) алуға кеңес беріп жатыр екен.

«Эски ковунчи» мешітінің имамы Бахадыр Мадумаров келушілерге шын мәнінде газет-журналдарға жазылып, кітап сатып алуды ұсынғандарын жасырмайды. Оның сөздерінше, бұл тек кеңес, ұсыныс беру.

Өзбекстандағы дереккөздің хабарлауынша, елдің өзге облыстарындағы мешіттерінде де имамдар баспасөзге жазылу жөнінде уағыз айтып жатыр. Мәселен Хива қаласы мешітінің имамы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы берген тапсырманы орындауымыз керек дейді.

"Біз 1 миллион 300 мың сумға (шамамен 1600 доллар) мерзімді баспасөзге адамдарды жаздырып, тапсырысты орындауымыз керек. Егер жоспарды орындай алмасақ, онда садақа ретінде түскен ақшадан беріледі", – дейді Хива қаласының мешіт имамы.

Abai.kz

0 пікір