Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4218 0 пікір 18 Қаңтар, 2018 сағат 09:23

Ресейде шенеуніктердің демалысы туралы хабар дайындаған журналисті жұмысынан кетірген

Красноярлық журналист Виталий Поляковты жергілікті билік басшыларының қайда демалып жүргенін жөнінде Facebook парақшасында бейнебаян көрсеткені үшін, "Афонтово" телеарнасынан қуылды. Бұл жөнінде журналистің өзі әлеуметтік желіге жариялады.

"Елдің жоғары басшылары коррупцияға кірді" деген материалы өткен жылдың желтоқсан айында жарияланған. Онда Александровка ауылына Краснояр губернаторы Александр Усстың тікұшақпен келгені айтылады. Оған дейін демалыс орнында Красноярдың бұрынғы басшысы Виктор Толоконский демалған.

"Дождь" телеканалына Поляков аталған сюжеті үшін арна басшысы өз еркімен жұмыстан кетуімді мәжбүрледі дейді. Журналист бас тартқан кезде, оған хабар түсіруге мүмкіндік бермеген.

"Афонтово" телекомпаниясының бас директоры Светлана Середа "Сибирь.Реалии" арнасына Поляков тараптардың келісімі бойынша жұмыстан кеткенін айтты. Себебі ол редакцияның саясатына қарсы болды дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1144
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2674
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 789
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 759