52 адамның өмірін алған автобус апатының алдын ала себебі айтылды
Ақтөбе облысында орын алған автобус өртінен көп адамның құрбан болуының себебі, көліктің бүйір бағындағы есігі ашылмай, қатып қалған. Осылай деп Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілі Виталий Синев мәлімдеді.
«Автобустың жанып кетуінің алдын ала себебі - электр сымына зақым келген. Жолаушыларда үрей болу, әрине табиғи жағдай. Есік ашылмай, қатып қалған», - деді Синев.
«Үрейдің не екенін білесіздер ме? Байбаламға салған елу адам есікке қарай ұмтылады. Екі қабатты автобус — есігі өте тар. Біреуі есікке қарай құлаған кезде, есік бұғатталып қалған. Оның үстіне басқа адамдар құлай бастаған. Терезені сындыру ешкімнің ойына келмеген», - деген Синева сөздеріне РИА Новости сілтеме жасайды.
Шымкенттен Қазанға бет алған, Өзбекстан азаматтары мінген автобус 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы тас жолда өртеніп кетті. Көліктегі 57 адамның тек бесеуі ғана аман қалған. ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Abai.kz