Түркіменстан президенті жаңа құрылыс жобасымен танысты
Түркіменстан президенті жаңадан салынатын бірқатар нысандардың жобаларымен, солардың ішінде қымбат қонақ үйлердің жобаларымен танысты.
Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ашхабадта бірнеше қымбат қонақ үй, Халықаралық конгресс орталығы, "Сенагат" және "Түркіменбашы" коммерциялық банктерінің, түркімен ақыны Махтумкули және жаңа Үкімет трибунасы салынады.
Нысандар құны ресми ақпараттарда айтылмады. Құрылысқа тендер жарияланғаны туралы да мәлімет жоқ. Азатлык дереккөзінің хабарлауынша, жаңа қонақ үйлердің құрылысына бюджеттен бірнеге жүз млн доллар бөлінуі мүмкін.
Ресми ақпараттарда мемлекет басшысы бұл жобаларды бақылап отырғаны айтылған. Үкімет мәліметі бойынша, елдің дамуы мен гүлденуі үшін қолға алынған құрылыс науқанына мемлекет 43 млрд доллар бөлген.
Abai.kz