Жұма, 20 Қыркүйек 2024
5437 1 пікір 26 Қаңтар, 2018 сағат 10:47

Өзбектер Қазақстан және Қырғызстанмен шекарада кезек тағы көбейгеніне шағымданды

Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жибек Жолы" тексеру-өткізу пунктінде ("Гишт-Куприк", халық "Черняевка" деп атайды) тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды.

Бұл туралы 24 қаңтарда шекарадан өткен өзбектердің әлеуметтік желілер арқылы хабарлаған. «Жүздеген адам бірнеше сағат бойы шекарада тұруға мәжбүр. Қазақтар адамдарды өте баяу өткізіп жатқанына байланысты осындай кезек пайда болды", – деп жазды жолаушылардың бірі.

Бұған дейін хабарланғандай, көптеген өзбекстандықтар 30-40 пайыз арзан қазақ базарларына тауар алуға барады.

Дәл осындай жағдай Өзбекстанның Қырғызстанмен шекарасында да қалыптасқан. Өзбек-қырғыз шекарасындағы "Дустлик" ("Достук") бекетінде де кезек көбейген.

"Шекараға түнгі сағат 2:30-да келген адамдар түстен кейін сағат 17:00-де Қырғызстанға өте алмаған. Сарбаздар шекараны жауып тастаған. Мыңдаған адам аязда далада тұр. Бұны біздің президент біле ме?", – деп жазды жолаушылар.

Еске салайық, қырғыз-өзбек шекарасының "Дустлик" ("Достук") тексеру-өткізу пункті өткен жылы қыркүйекте ашылған. Сол кезде шекарадан өту үшін екі ел азаматтарына қосымша құжат алудың қажет болмайдындығы хабарланған.

Abai.kz

1 пікір