Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Жаңалықтар 2736 0 пікір 6 Қаңтар, 2011 сағат 06:23

Қазақстанның басым аумағында аяз сақталады; республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болады – Қазгидромет

Алматы. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан ауа райына сібірдің антициклоны өз ықпалын сақтайды, тек республиканың қиыр батысы мен оңтүстігі арқылы атмосфералық тұтас ағым ығысып, сол кей жерлерде жауын-шашын әкелуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Метеоқызмет мәліметтерінше, Астанада ала бұлтты, жауын-шашын болмайды, шығыстан -14 м/с жел тұрып, ауа температурасы күндіз -21°С болады.

Алматыда да ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с самал тұрып, ауа температурасы күндіз -12°С болады.

Алматы облысының солтүстік-шығысында қатты аяз – 33°С сақталады, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады деп күтілуде. Жамбыл облысында – жауын-шашынсыз, ауа температурасы - 8°С, Қызылорда облысында – жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, ауа температурасы -10-15°С, Маңғыстау облысында – кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы -5°С, Ақтөбе облысында -10-15 °С, күн ашық болады. Қостанай облысында – жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы -18-23°С, Солтүстік Қазақстан облысында – жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы -25-30°С, Ақмола облысында жауын-шашын болмайды, ауа температурасы -19-24°С, Павлодар обласында кей жерлерінде тұман түседі, жауын-шашынсыз, ауа температурасы -27-32°С, Қарағанды облысында  жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерінде жел 15-20 м/с болып, ауа температурасы -19-24°С, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте күшті - 45°С аяз болады, тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы  -10°С, Батыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа жетіп, ауа температурасы -4-9°С болады. Атырау облысында да қар жауып, кей жерлерінде жел 15-20 м/с, ауа температурасы -5-8°С болады.

Жақын күндері республиканың өзен-көлдерінің көбінде мұз қату үдерісі одан ары жалғасып, жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

0 пікір