Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4942 2 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:39

Вице-министр: Біз қашан да ашық сұхбат беруге дайынбыз

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан жер қатынастарын реттеу бойынша заң жобасын түсіндіріп берді.

«Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдың мамыр айында Елбасының Жарлығымен Жер кодексінің жекелеген нормаларына 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий енгізілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жеке меншікке, шетелдіктерге беруге мүлдем тыйым салынды. Бұл ретте Парламент депутаттарының орталық уәкілетті органдары, қоғам қайраткерлері мен азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен арнайы жер реформасы бойынша комиссия құрылып, тиісті жұмыстар атқарылды», - дейді вице-министр.

Ерлан Нысанбаев комиссия мүшелері келесі шешімдерді қабылдағанын атап өтті.

«Бірінші ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру нормасын сақтау және жетілдіру. Екіншіден, қазақстандықарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру мөлшерін шектеу. Үшінші шекара аумақтарындағы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану талаптарын күшейту. Төртінші тұрғындардың жайылым алқаптарына деген қажеттілігін қамтамасыз ету. Аталған ұсыныстардың негізінде Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасы дайындалып, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді», - дейді ол.

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасы қоғамдық кеңес отырыстарында, басқа да қоғамдық алаңдарда жұртшылықпен, ауыл шаруашылығының тауарын өндірушілерімен кеңінен талқыланған.

«Біріншіден, ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру нормасын сақтау және жетілдіру мақсатында жалға берудің жаңа  тәртібі қарастырылып отыр. Жер беру тәртібінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету және жемқорлықты болдырмау үшін конкурсқа қойылатын жерлер тізбесін бекіту, оны міндетті түрде қоғамдық кеңестер мен ҮЕҰ-мен келісу, жер комиссиясының құрамына 50 пайызын қоғамдық кеңес пен ұйымдардың өкілдерін енгізу қарастырылған. Сонымен бірге, конкурстың жариялылығы мен оған барлық қатысушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жаңа тәртіп бойынша конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыруды тек аудандық ғана емес, басқа да БАҚ, АШМ министрлігі мен әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады», - дейді вице-министр.

Ерлан Нысанбаев екіншіден ауыл шаруашылығы жерлерін үлкен көлемде бір қолға берілуін болдырмау мақсаты көзделгенін тілге тиек етті.

«Бір қолға берілетін жерлердің мөлшерін мәслихаттар мен әкімдіктердің бірлескен ұсыныстары негізінде Үкіметпен бекітіледі. Бұл шекті мөлшерді айқындау үшін тиісті есептеу әдістемесі әзірленген. Үшінші - мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуіндегі ауыл шаруашылығы алқаптары ешкімге берілмейді. Тек жергілікті халыққа жайылым, шабындық мақсатында пайдалануға рұқсат беріледі. Шекаралық аумақта орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, ҚР-ның шетелдіктермен некеге тұрған азаматтарына немесе ҚР-ның құрамында шетелдіктері бар заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады. Бұл аумақта орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері тек қазақстандықтарға жалға берілетін болады», - дейді Ерлан Нысанбаев.

Вице-министр сонымен қатар, төртіншіден жергілікті тұрғындардың жеке ауылы орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері тек қазақстандықтарға ғана жалға берілетінін атап өтті. Оның сөзіне сүйенсек, жергілікті тұрғындардың жеке ауылындағы малының саны жыл сайын өсуіне байланысты заң жобасымен жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында елдімекендер айналасында жайылым алаңдарын айқындаудың нормасы көзделген. Осы мақсатта айқындалған жайылымдарды ҚР жеке және заңды тұлғаларына жалға беруге тыйым салынады.

Вице-министр елдімекендердің маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткенін ескеріп, әкімдіктерге ол жерлерді қайта халықтың жайылым мұқтаждығы үшін мемлекеттік қажеттікке жатқызу қарастырылып отырғанын айтады.

«Ерекше назар аударатын жағдай - аталған нормалардан бөлек, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін беруге енгізілген мораторийдің шеңберін тек шетелдіктерге ғана емес, бір пайыз болса да шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұлғаларға кеңейту қарастырылып отыр. Бұл ретте заң жобасы нормаларының барлығы ауыл шаруашылығы жерлерін тек қана қазақстандықтарға беруді көздейді. Заң жобасының мәтінімен АШМ ресми сайтының Жер кодексі бөлімінде таныса аласыздар. Өз кезегімізде біз ашық сұхбат беруге қашан да дайынбыз», - деп түйді Нысанбаев.

Айта кетсек, қазіргі уақытта ҚР Парламент Мәжілісінде «Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасы қаралуда.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373