Санкт-Петербургте 11 жастағы қырғызстандықтың өлі денесі табылды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 11 жастағы қырғызстандықтың өлі денесі табылды. Бұл туралы Ресейдегі Қырғызстан ІІМ өкілдігі хабалады.
Мекеме мәліметі бойынша, 26 қаңтарда Қырғызстанның 42 жастағы азаматы Ресей аумағында ұлы із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған. Санкт-Петербургтің тергеу комитеті "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
6 ақпанда «Купчино» метро станциясы маңынан баланың денесі табылған. Оны тұншықтырып өлтіргені анықталды. Кісі өлтірген деген күдікпен марқұмның анасы мен оның күйеу баласы қамауға алынды. Қылмыс мотиві анықталып жатыр.
2004 жылы 9 ақпанда Санкт-Петербургте Тәжікстанның 9 жастағы азаматы Хуршеда Султонованы әкесінің көзінде неоұлтшылдар өлтірген еді.
Abai.kz