Сенбі, 23 Қараша 2024
3178 0 пікір 12 Ақпан, 2018 сағат 08:52

Қырғыз премьері «Air Arabia» компаниясын инвестициялық жобаға шақырды

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков 11 ақпанда Дубайда «Air Arabia» әуе компаниясының бас директоры Адел Абдулла Алимен кездесіп, әуе қатынасы саласындағы әріптестік мүмкіндіктерін талқылады.

Премьер-министр Сапар Исаков «Air Arabia» әуе компаниясына Қырғызстан арқылы жаңа әуе рейстерін ұшыру мүмкіндіктерін қарауды ұсынды.

«Air Arabia» әуе компаниясының бас директоры Адел Абдулла Али болса, әріптестік орнатуға қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті.

«Air Arabia» компаниясы араб әлемі мен Қырғызстан арасында жаңа көпір болуға дайын. Қазіргі кезде біздің ұшақ әлемнің 140 әуежайы арқылы ұшады. Бішкек 141- әуе айлағы болуы мүмкін», - деді ол.

Исаков елде азаматтық авиация саласында реформа жүргізіліп жатқанын айтты. «Біз елде жүргізіліп жатқан азаматтық авиация елдің экономикасына оң өзгерістер әкеліп, туризм, бизнес, логистика саласы дамиды деп үміттенемін», - деді қырғыз премьері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498