Жексенбі, 24 Қараша 2024
3754 1 пікір 14 Ақпан, 2018 сағат 08:53

Нидерланд СІМ "Путин жайында жалған сөйледім" деп отставкаға кетті

Нидерланд сыртқы істер министрі Халбе Зейлстра отставкаға кетті. Ол жақында Ресей президенті Владимир Путинмен 2006 жылы кездескені жөнінде өтірік айтқанын мойындады. Ол бұл өзінің абыройына қатты нұқсан келгенін, енді қызметін әрі қарай жалғастыра алмайтынын мәлімдеді.

Осының алдында Нидерланд сыртқы істер министрі De Volkskrant газетіне берген сұқбатында Путинмен 2006 жылы ешқашан кездеспегенін мәлімдеген. Ол сонымен бірге Ресей президентінен "Ұлы Ресей" құрамында Украина, Белоруссия, Қазақстан және Балтық елдері болу керек деген сөздерді ешқашан естімегенін де айтқан.

13 ақпан күні таңертең ТАСС агенттігі Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Нидерланд СІМ басшысымен 14 ақпанда Мәскеуде кездесуді жоспарлап отыр деп хабарлады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552