Сенбі, 23 Қараша 2024
3352 0 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 08:40

Тегеранда қақтығыста бес арнайы қызмет өкілі қаза тапқан

Тегеранда құқық қорғау органдары қызметкерлері мен мұсылман-суфилер арасындағы қақтығыс кезінде қауіпсіздік қызметінің бес азаматы қаза тауып, 300 адам қамауға алынған. Бұл жөнінде Иран астанасының полициясы хабарлады.

Иранның шығысындағы Гонабади қаласындағы суфилер сектасының мүшелері (оларды кейде дәруіш деп те атайды) Тегеранның солтүстігіндегі қақтығыстан арнайы қызмет тарапынан кемінде бір адам өлтірілді деп мәлімдеді. Секта өкілдері діни қауым мүшелерінің қамауға алынуына наразылық танытқан.

Әлеуметтік желілерде және мемлекеттік телеарналардан көрсетілген кадрлардан автобустың полиция тобын кесіп өткенін көруге болады. Нәтижесінде үш полиция өкілі қаза тапқан. 20 ақпанда полиция өкілі Саид Монтазер Әлмеди кемінде 300 адамның қамауға алынғанын (оның ішінде автобус жүргізушісі де бар) мәлімдеді.

Жасы 90-ға келген Гонабади суфилерінің лидері Нұрәлі Табанде Тегерандағы үйінің жанында отырып, пикет өткізген. Діни қауым өкілдері 19 ақпанда 72 жастағы Нематолла Риахидың ұсталуына қарсылық білдіріп, полиция учаскесінің жанына жиналған.

Суфизм исламның мистикалық тармақтарының бірі. Бұл Иранда тыйым салынбаған. Бірақ құқық қорғаушылар діни қауым өкілдерін қуғындайды деп Иран үкіметін айыптайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387