Қазақ қыздары бірінші рет мәнерлеп сырғанаудан олимпиадаға қатысты
Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова Пхенчхан олимпиадасында қысқа бағдарламаларын орындады. Тұрсынбаева негізгі бағдарламаға өтті. Ал Мамбекова жарысты аяқтады.
Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 57,95 ұпай жинап, қазір 15-орында тұр. Ол негізгі бағдарламада өнер көрсетеді.
Қысқа бағдарламада Тұрсынбаева үштік риттбергер элементін секіре алмады. Ал қалған үштік сальхов+үштік тулуп элементін және екілік аксельді таза секірді. 21 ақпан 2018 жыл.
Жарыстан кейін Тұрсынбаева "Бірінші элементті секірмедім, сондықтан ұпай да төмен болды. Екі элементті жақсы секірдім. Жоғары нәтиже көрсетуге болар еді. Дегенмен олимпиадаға қатысқаныма қуаныштымын. Шат жарақатына байланысты қатыса алмай қалуым да мүмкін еді" деді. 21 ақпан 2018 жыл.
Элизабет Тұрсынбаева бапкері канадалық Брайан Орсер және анасы Падишахан Сұлтанаәлиевамен төрешілер бағасын күтіп отыр. 21 ақпан 2018 жыл.
Қазақстандық Айза Мамбекова мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жекелей сында 30-орын алды. Ол қысқа бағдарламада 44,40 ұпай жинап, негізгі бағдарламаға өткен 24 спортшының қатарына енбей қалды. 21 ақпан 2018 жыл.
Айза Мамбекова үш-төрт ай бұрын жаттығуда аяғын сындырып алғаны айтады. Ол жарыстан кейін "Әрине, бүгінгі орындауыма көңілім толмады. Бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге болар еді. Бірақ карьерамдағы ең қиын жарақаттан кейін мұзға шыққанымды ескерсек, бұл жақсы нәтиже" деді. 21 ақпан 2018 жыл.
Айза Мамбекова олимпиадаға Санкт-Петербургте ресейлік бапкер Алексей Мишиннің командасында дайындалғанын айтады. Мишин Ресейден шыққан олимпиада чемпиондары Алексей Ягудин мен Евгений Плющенконы жаттықтырған.
Айза Мамбекова үшін алғашқы олимпиадасы аяқталды. Ол 2022 жылы өтетін Пекин олимпиадасына қатысқысы келеді.
Дереккөзі: azattyq.org