Сенбі, 23 Қараша 2024
3747 0 пікір 2 Наурыз, 2018 сағат 08:47

Тәжікстанда Қытайдың көмегімен жаңа алюминий зауыты салынады

Тәжік алюминий зауытының жұмысы екі жылға тоқтайды. Бұған жаңа бірлескен тәжік-қытай алюминий кәсіпорынының құрылысы себеп болды. Бұл туралы 1 наурызда ТАЛКО ақпарат-сараптама департаментінің жетекшісі Игорь Саттаров хабарлады.

Оның айтуынша, Тәжікстан және Қытай басшыларының жаңа зауыт құрылысына қатысты келіссөздері аяқталуға жақын.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өткен жылы тамызда Қытайға сапарлап барған уақытта алюминий кәсіпорыны аумағында жаңа ТАЛКО зауытын салу туралы келіскен. Хабарларға қарағанда, жаңа зауыттың өндіріс қуаты жылына 503 мың тонна шикі алюминий болады деп жоспарланған.

Құрылыс құны - 1,6 миллиард доллар. Зауыт бір жыл сегіз айда салынып бітеді. "Тараптар қанша қаражат бөлетінін айта алмаймын. Коммерциялық құпия", - деді Игорь Саттаров. Зауыт құрылысына 1,1 мың жұмысшы тартылады. Олардың жалақылары жоғары болады.

"Тәжік алюминий компаниясы" мемлекеттік зайырлы кәсіпорыны (TALCO) 2007 жылы Тәжік алюминий зауытының (ТадАЗ) мұрагері ретінде тіркелген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364