Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
5664 23 пікір 2 Наурыз, 2018 сағат 08:51

Путиннің ядролық қару туралы мәлімдемесіне Пентагонның жауабы: "Біз толықтай дайынбыз"

Пентагондағылар Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық қаруды дамыту туралы мәлімдемесіне "аса таңырқамаған". "Америкалықтар алаңдамаса болады. Біз толықтай дайынбыз", – деп мәлімдеді 1 наурызда Пентагон өкілі Дана Вайт.

АҚШ-тың Еуропадағы зымыраннан қорғаныс жүйесі Ресейге бағытталмаған, ол Иран мен Солтүстік Корея жақтан келетін қауіптен қорғануға арналған, дейді Вайт.

Бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Федералдық мәжіліс алдында сөз сөйледі. Конституция бойынша президент жыл сайын жолдау жасауы керек. Бұл жолы жолдау күні бірнеше мәрте ауыстырылып, сайлау жақындағанда ғана жасалып отыр.

Путин баяндамасының жарымы жаңа қарулану жүйесін таныстыруға арналды. Олардың барлығы дерлік ядролық заряд тасымалдауға жарамды.

Путиннің сөзіне қарағанда, АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесі Ресейді жаңа қарулар шығаруға мәжбүрлеген.

Ресей президенті таныстырған қарулардың бірқатары бірінші мәрте көрсетіліп отыр. Олардың техникалық сипаттамасы мен қаншалықты дайын екендігін бейтарап түрде дәлелдеу мүмкін емес.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1315
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2882
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 969
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903