Сенбі, 23 Қараша 2024
3743 1 пікір 2 Наурыз, 2018 сағат 08:52

Ақтөбеде аударылған автобус жүргізушісі істі болды

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында өткен аптада аударылған автобустың жүргізушісі, 1983 жылы туған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Марат Бегімқұловтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ешқайда шықпау туралы қолхат берген Марат Бегімқұлов қазір Ақтөбе қаласында. Бұл туралы 1 наурыз күні Ақтөбе облыстық әкімдігінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) жергілікті полиция қызметі жол қозғалысын ұйымдастыру және қадағалау бөлімінің бастығы Айдос Құлжанов айтты.

- Аударылған автобус жүргізушісінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Айдос Құлжанов.

25 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғыны Марат Бегімқұлов мемлекеттік нөмірі KZ 914 CMB 13 Mercedes маркалы автобусымен Ресейден келе жатқанда рөлге ие бола алмай, автобус жыраға түсіп кетіп, аударылған. Салдарынан автобуста болған Өзбекстанның жеті азаматы түрлі жарақат алды. Ресми мәлімет бойынша, автобуста 25 жолаушы болған.

Хромтау аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненконың Азаттық тілшісіне айтуынша, жол апатынан соң ауруханаға тоғыз адам, оның ішінде үш әйел жеткізілген. Зардап шеккендер негізінен жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендердің ең кішісі 1997 жылы, ең үлкені 1961 жылы туған. «Миы шайқалды» делінген бір әйел ауруханаға жатудан бас тартқан. Тиісті ем-дом жасалған соң олар Өзбекстанға қайтып кеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364